Көктоғай ауылдық округінің тұрғындарымен өткізілетін кезекті қоғамдастық жиналысының
Х А Т Т А М А С Ы
№1 8 қаңтар 2021 жыл
Көктоғай ауылы
Өткізілу орны: Әкімшілік ғимараты
Өткізілу уақыты: сағ 10.00
Жиынды ашып жүргізген: Округ әкімі Кусайнов Мамбеткали Жолдаскалиевич
2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасының жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 73-I бабына сәйкес 2021-2023 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетін жасақтап ауданның жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қарауына ұсыну үшін жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу қағидасы және тұрғындарды өкілдерінің сандық құрамына сәйкес бүгін Көктоғай ауылдық округінің жиналысы өткізілді. Жиналысқа жергілікті қоғамдастық мүшелері шақырылды.
Жалпы дауыс беруге құқығы бар қоғамдастық мүшелерінің саны - 59 адам,
Жиналысқа қатынасқан- 30 адам.
Жиын заңды.
Қоғамдастық жиналысының төрағасына - Өтеу Әзен Өтеуұлын
Қоғамдастық жиналысының хатшысына- Калимова Аселді сайлау ұсынылды
Басқа ұсыныстар болған жоқ
«Қолдағандар» - 30 адам.
«Қарсы», «Қалыс қалған » - жоқ.
Бірауыздан, Өтеу Әзен Өтеуұлы -қоғамдастық жиналысының төрағалығына
Калимова Асел - қоғамдастық жиналысының хатшылығына сайланды..
Жұмыс жүргізудің келесі уақыт тәртібі ұсынылады:
Күн тәртібіндегі мәселе бойыша 10 минут.
Сөйлеушілерге 5 минут.
«Қолдағандар» - 30 адам
«Қарсылық»,«Қалыс қалған»-жоқ
Қабылданды
Күн тәртібінде:
Тыңдалды:
2020 жылдың қортындысымен округ бюджеті мен салықтық түсімдердің орындалысы бойынша округ бас маман есепшісі- Напихова Г. С.хабарламасы тыңдалды.
Округтің коммуналдық меншіктегі мүліктерді бағалату жұмыстары жүргізілді
Салық түсімі бойынша:
2020 жылға 4 салық түсімі бойынша- 4 618,0 мың теңгеге жоспарланып, іс жүзінде -5785,8 мың теңгеге 125 пайызға орындалды.
2021 жылға жоспарланған Көктоғай ауылдық округі бюджетін талқылау
2021 жылға арналған Көктоғай ауылдық округ бюджетін талқылау. Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған қаржының түсімдері мен шығыстарының жоспарын талқылау.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қоғамдастық жиналысының мүшелеріне округ әкімі М.Кусайнов хабарламасы тыңдалды.
2021-2023 жылдарға арналған Көктоғай ауылдық округінің бюджеті тиісінше мынадай көлемде бекітілді:
Көктоғай ауылдық округінің бюджетiнiң жалпы көлемi 2021 жылға — 70163,0мың теңге, 2022 жылға — 49577,0 мың теңге, 2023 жылға — 49577,0 мың теңге.
Көктоғай ауылдық округінің бюджетiне жобаланған түсiмдер көлемi анықталды.
2021жылға- 6455,0 мың теңге, 2022 жылға -6455,0 мың теңге, 2023 жылға - 6455,0 мың теңге.
Оның ішінде салықтық түсімдер:
2021жылы ағымдағы нысаналы трансферттен-20586,0 мың тенге, аудандық бюджеттен субвенция-43122,0 мың тенге,2022 жылға- 43122,0 мың теңге,2023 жылға -43122,0 мың теңге жоспарлануда.
Шығындар бойынша:
Оның ішінде:
-Жергілікті бюджет қаражаты есебінен-23 575,0 мың
-Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер-18618,0мың теңге.
-Аудандық маңызы бар қаланың,ауылдың, кенттің, ауылдық округтің комуналдық мүлкін басқару-200,0 мың; Округ балансындағы мемлекеттік мүліктерді бағалату
-Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағдарламасына-300,0 мың тенге Ауыл ішіндегі жаңадан салынған жолдарды күтіп баптау, жаңадан белгілер орнату жұмыстары
-Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарына -19 368,0 мың теңге
Оның ішінде:
-Жергілікті бюджет қаражаты есебінен-17 400,0 мың теңге;
-Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер-1 968,0мың теңге.
-Елді мекеннің көшесін жарықтандыру қызметі-4 602,0мың теңге;
Оның ішінде:
- Ауыл ішілік көше шамдарына техникалық қызмет көрсету жұмысына-1 000,0 мың теңге
- Округтің көшені жарықтандыруға-3 602,0мың теңге
- Елді мекеннің тазалық жұмыстарын жүргізуге-700,0мың теңге;
-Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына-2 800,0мың теңге
Оның ішінде:
-Жасыл желекті суару қызметіне-400,0 мың теңге;
-Ауыл ішілік жазғы су құбырына ағымдағы жөндеу жұмысына-369,0 мың теңге;
-Округ балансындағы жасыл белдеуге ағымдағы жөндеу жұмысын жасауға-1 631,0 мың теңге қаражат қарастырылды.
«Қолдағандар» - 30 адам
«Қарсылық»,«Қалыс қалған »-жоқ
Қабылданды
Сөйлегендер:
Есимов Исатай- шаруа қожалық басшысы. Ауыл тұрғындары округімізде жасалып жатырған жұмыстарды толықтай қолдайды. Жергілікті өзін өзі басқару есебінен өз қаражатымызды өзіміздің ауылдың көркейуіне жұмсап отырғанымыз өте дұрыс деп есептеймін. Ауылымызға жасалған жаңа жолға белгілер орнатылып, күтіп бапталса, үнемі тазалық жұмыстары жүргізілсе құптарлық іс.
Ақмарал Мұғауина–мұғалім. Жасалғалы және қаражат жұмсалғалы отырған жұмыстарды толықтай қолдаймын. Ауылымыздың көркеюі үшін жасалып жатқан барлық жұмыстар бірауыздан ауыл халқының ойынан шығады деп есептеймін.
Бақыт Мусина- кітапханашы. Менде толықтай қосыламын. 2020 жылда ауылымыздың кіре беріс жолы жарықтандырылды. Округтің барлық көшелері мен үйлеріне QR-код орнатылды. Жаңа парктер де жайқалып өсіп жатыр.Ауылымыз көркейіп келеді.
Қоғамдастық мүшелерімен келісіліп, бірауыздан осы мәселелер қолдау тапты.
Шешім қабылдады:
2021 жылға арналған Көктоғай ауылдық округі бюджеті мiндеттерiн iске асыру, бюджеттік бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету.
Жиналыс төрағасы Ә.Өтеу
Жиналыс хатшысы А.Калимова
Көктоғай ауылында 08.01.2021 жылы өткен жергілікті қоғамдастық жиналысына қатынасушылар тізімі