Есбол ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиыны
Хаттама №10
Есбол ауылы 28 желтоқсан 2020 жыл
Мәдениет үйі
Сағат 15:00
Жиынды ашып жүргізетін: округ әкімі А.Рамазанов
2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасының жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 73-1 бабына сәйкес 2019-2021 жылдарға арналған ауылдық округ бюджетін жасақтап ауданның жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қарауына ұсыну үшін қоғамдастық жиналысын өткізу қағидасы және тұрғындарды өкілдерінің сандық құрамына сәйкес бүгін Есбол ауылдық округінің жиналысы өткізілді. Жиналысқа жергілікті қоғамдастық мүшелері шақырылды.
Ауылдың жалпы дауыс беруге құқығы бар қоғамдастық мүшелерінің саны 47 адам, жиынға келгендердің саны 21 адам.
Жиын заңды.
Рамазанов Абзал Меңдіқұлұлын қоғамдастық жиналысының төрағасы етіп сайлау ұсынылды.
Қандай ұсыныстар бар?
Басқа ұсыныстар болама? Жоқ.
Кім жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы ретінде сайлауға Рамазанов Абзал Меңдіқұлұлы үшін дауыс береді.
Дауыс берулеріңізді сұраймын.
«Қолдағандар» -21 адам.
«Қарсы», «Қалыс» - жоқ
Рамазанов Абзал Меңдіқұлұлы бірауыздан қабылданды.
Бас маман Азгалиева Гулсараны қоғамдастық жиналысының хатшысы етіп сайлау ұсынылды.
Қандай ұсыныстар бар?
Басқа ұсыныстар болама? Жоқ.
Кім жергілікті қоғамдастық жиналысының хатшысы ретінде сайлауға Азгалиева Гулсара үшін дауыс береді.
Дауыс берулеріңізді сұраймын.
«Қолдағандар» -21 адам.
«Қарсы», «Қалыс» - жоқ
Азгалиева Гулсара бірауыздан қабылданды.
Сөз жиналыс төрағасы Рамазанов Абзал Меңдіқұлұлына беріледі.
Күн тәртібі:
«2021 жылға арналған Есбол ауылдық округ бюджетін бекіту туралы»
Жұмыс жүргізудің келесі уақыт тәртібі ұсынылады:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 10 минут.
Сөйлеушілерге 5 минут.
«Қолдағандар» -21 адам.
Қарсылық барма? Қабылданды.
«2021 жылға арналған Есбол ауылдық округ бюджетін бекіту туралы»
Хабарламашы: Гинаятов Н.Т- Есбол ауылдық округі аппаратының бас
маман есепшісі
2021 жылға
Кірістер:
Жеке табыс салығы-3 200,0 мың теңге.
Мүлік салығы:- 70,0 мың теңге.
Жер салығы: 200,0 мың теңге.
Көлік салығы: 4 000,0 мың теңге.
Барлығы- 7 470,0 мың теңге
Төмендегідей шығыстар бойынша қажетті қаражатқа ұсыныс беріледі:
Барлығы 113 209,0 мың теңге.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша
Шешім: Есбол ауылдық округінің 2021жылға арналған бюджетінің жобасы жоғарыда көрсетілген қаражат көлеміне сәйкес бекітілсін..
«Қолдағандар» -21 адам.
«Қарсы» - жоқ
«Қалыс» - жоқ
Ұсыныс, ескертулер болған жоқ.
Жиналыс төрағасы: А.Рамазанов
Жиналыс хатшысы: Г.Азгалиева