Индербор жергілікті қоғамдастық жиыны туралы

Индербор жергілікті қоғамдастық  жиыны туралы

ХАТТАМА №5

                                   

Индербор кенті                                             28 желтоқсан  2020  жыл

Өткізілу орны                                                    Индербор кенті, ZOOM арқылы

Өткізілу уақыты                                            сағат 1530-да

 

Жиынды ашып жүргізетін:  Индербор кенті әкімі Аймұратов Асхат Саламатович 

Құрметті Индербор кентінің тұрғындары!

 

2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚРЗ жүзеге асыру мақсатында және Индер аудандық мәслихатының шешімімен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасы және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамына сәйкес бүгін Индербор кенті тұрғындарының жиыны ZOOM арқылы өткізіліп жатыр.

Жиынға жергілікті қоғамдастықтың мүшелері шақырылды.

Кенттің жалпы дауыс беруге құқығы бар тұрғындарының саны 7659 адам, жиынға қатысқандардың саны   13 адам.

Жиын заңды.

А.Аймұратов жиынның төрағасы етіп сайлау ұсынылды.

Қандай ұсыныстар бар?

Басқа ұсыныстар болама? Жоқ.

Дауыс берулеріңізді сұраймын.

Кім жергілікті қоғамдастық  жиынының төрағасы ретінде сайлауға  үшін дауыс береді.

Дауыс берулеріңізді  сұраймын.

«Қолдағандар» 13   адам

«Қарсы» 0 адам

«Қалыс» - жоқ

А.Аймұратов жиынның төрағасы етіп сайлау ұсынысы (көпшілікпен, бірауыздан, қабылданбады) қабылданды.

Э.Саркенова  жиынның хатшысы етіп сайлау ұсынылды.

Қандай ұсыныстар бар?

Басқа ұсыныстар болама? Жоқ.

Дауыс берулеріңізді сұраймын.

Кім жергілікті қоғамдастық жиынының хатшысы ретінде сайлауға Э.Саркенова үшін дауыс береді.

Дауыс берулеріңізді  сұраймын.

«Қолдағандар» 13  адам

«Қарсы» 0 адам

«Қалыс» - жоқ

Э.Саркенова жиынның хатшысы етіп сайлау ұсынысы (көпшілікпен, бірауыздан, қабылданбады) қабылданды.

Комиссия мүшелері  өз міндеттеріңізді  атқаруға кірісуіңізді сұраймын.

Сөз жиын төрағасы кент әкімі А.Аймұратовқа  берілді.

 

Күн тәртібі:

 

2021  жылға  арналған аудандық  бюджетті бекітуге ұсыну туралы

Жұмыс жүргізудің келесі уақыт тәртібі ұсынылды:

  1. Күн тәртібінің мәселесі бойынша 10 минут
  2. Сөйлеушілерге 5 минут

Дауыс беру 13  адам  Қарсылық бар ма? Қабылданды.

Мәселе «2021  жылға  арналған аудандық  бюджетті бекітуге ұсыну туралы»Хабарламашы Уразбаева Эльмира –Индербор кенті әкімі аппаратының бас маманы.

 

2021 жылға

 

Кірістер:

 

Жеке табыс салығы-35774,0 мың теңге

Мүлік салығы- 300,0  теңге

Жер салығы-3000,0 мың  теңге

Көлік салығы -24000,0 мың теңге

 

Барлығы 63074,0 мың теңге

 

Төмендегідей шығыстар бойынша қажетті қаражатқа ұсыныс берілді:

 

1.Аудандық маңызы бар қала, кент ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер-79813,0 мың теңге.

  1. Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету- 2000,0 мың теңге
  2. Жергілікті деңгейде мәдени – демалыс жұмыстарын қолдау- 135406,0 мың теңге

4.Елді мекендерде көшені жарықтандыру қызметі- 30000,0 мың теңге

5.Елді  мекендердің тазалық жұмыстарын жүргізу- 70500,0 мың теңге

  1. Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру-4000,0 мың теңге
  2. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету, мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету- 13248,0 мың теңге
  3. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкін басқару – 200,0  мың теңге

Осы бюджет  жобасына келісім берулеріңізді сұраймын.

 

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша

 

Шешім: Индербор кентінің 2021 жылға арналған бюджетінің жобасы көрсетілген қаражат көлеміне сәйкес бекітілсін.

 

Ұсыныс, ескертулер болған жоқ.

 

 

Жиналыс төрағасы:                                           А.Аймұратов

 

Жиналыс хатшысы:                                           Э.Саркенова

 

 

 

 

 

 

 

Индербор жергілікті қоғамдастық жиыны туралы
Дата публикации
05 февраля 2021