2020 жыл бойынша ауданық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Есеп, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген
2-қосымшаға сәйкес жасақталған.
Жергілікті атқарушы органдардың ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің тізіліміне сәйкес бөлім және аудан әкімдігінің жұмыспен қамтуорталығы арқылы жүзеге асырылады.
2020 жылы 25 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 10170 қызмет көрсетілді, соның ішінде қағаз түрінде 5, баламалы түрде 110, ақпараттық жүйелер арқылы-6272, ХҚКО арқылы 2718 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 1065 электрондық түрде көрсетілді.
2020 жыл бойы мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімінен кешіктіру фактісі тіркелген жоқ.
Жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарт пен регламентке сәйкес дайындалып қызмет алушыға уақытылы ХҚКО, электронды үкімет порталы арқылы ұсынылады.
25 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 20 ақысыз, 5 ақылы түрде көрсетілді.
Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік органдардың ғимараттары ақпараттық стендтермен жабдықталған, сол сияқты мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған.
2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыз-шағымдар түскен жоқ.
Индер ауданы аумағында ХҚКО-ның 1 бөлімі жұмыс істейді. ХҚКО-ның мобильдік «ХҚКО»-ның шығу кестесіне сай халықтың осал топтарын мемлекеттік қызметтерге өзгерістер енуіне байланысты таныстыру бағытында 6 рет елді мекендерге барып, таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Жоспарларға сәйкес ағымдағы кезеңде келесі іс-шаралар өткізілді:
2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудің кестесіне сәйкес жұмыс тобы ХҚКО-мен бірлесе отырып, Индербор кенті және ауылдық округтерде түсіндіру жұмысын жүргізді және консультативтік көмек көрсетілді.
«Нұр Отан» партиясының ғимаратында мүгедек жандардың қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жөнінде және жаңадан еніп жатқан өзгерістер туралы және мүгедектің жеке оңалту бағдарламасында көрсетілген шаралар Әлеуметтік портал арқылы жүзеге асатыны туралы «дөңгелек үстел», АБК ғимаратында атаулы әлеуметтік көмек алушылармен кепілдендірілген топтамаға енгізіліп жатқан өзгерістер Әлеуметтік портал арқылы жүзеге асатыны туралы жиналыс ұйымдастырылды.
Сондай-ақ «Борат» мәденет үйінің ғимаратында мемлекеттік атаулы көмектің жаңа нысаны туралы аз қамтылған отбасылармен, осал топтармен семинар кеңес өткізілді.
ХҚКО арқылы көрсетілетін қызмет түрлері автоматтандырылған және электронды форматта көрсетіледі. «Электронды Үкімет», Е-әкімдік порталын танымал ету жандандырылды.
Ауданда ХҚКО арқылы «Электронды Үкіметті» дамытуды ақпараттық алып жүру бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдарында «Дайын куәлік поштамен жеткізіледі», «Текті өзгерту тетігі», «281 бала кепілді төлеммен қамтылды» атты басылымдар жарияланды және бөлімнің Фейсбук парқшасы арқылы аудан тұрғындарымен аудандық бөлім арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша түсінік берілді. Бұл тақырыптағы материалдар тұрақты түрде беріледі, мемлекеттік органдардың тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету, компьютерлік сауаттылықты арттыру бойынша жұмысы жарияланады,
баспасөзде e.gov.kz порталы арқылы қызмет көрсетудің әртүрлі түрлерін алу мүмкіндігі туралы ақпараттық модульдер тұрақты түрде жарияланды.
Индер ауданық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі