Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміндегі 2020 жылда көрсетілген мемлекеттік қызметтер

Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміндегі 2020 жылда көрсетілген мемлекеттік қызметтер

 

  1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» бойынша 2020 жылы барлығы 476 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
  2. «Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» бойынша 2020 жылы қызмет алушылардан өтініш түскен жоқ.
  3. 2020 жылы «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» бойынша 71 нысанға мемлекеттік қызмет көрсетілді.
  4. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтері бойынша 2020 жылға ешқандай өтініш түскен жоқ.
  5. 2020 жылы заңды және жеке тұлғалардан 12 арыздар мен өтініштер түсіп, уақытылы жауап берілді.

Жергілікті басылымға бөлімнің қызметіне қатысты мақалалар үнемі жарияланып тұрады.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі  жерге орнатылған.

Бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге арнайы стендтер жасақталып, ХҚКО және ғимарат дәліздеріне ілінді. Ғимаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін жадынамалар мен сенім телефондары ілінді.

Баннер, бильбордтар орнатылды. Есептік кезеңде Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміндегі 2020 жылда көрсетілген мемлекеттік қызметтер
Дата публикации
05 февраля 2021