2020 жылда «Индер аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша» талдамалық ақпараты
Индер аудандық білім бөлімі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:
Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығына сәйкес «Индер аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2020 жылында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі бақылау нәтижелері бойынша ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны-4; азаматтық қызметшілер саны-15. Олар: 4 мемлекеттік қызметкер (бөлім басшысы және 1сектор меңгерушісі, 2 бас маман) мен бөлімнің әдістемелік кабинетінде 9 қызметкер (1 әдістемелік кабинет меңгерушісі, 8әдіскер,) жұмыс істейді. Бөлімге қарасты 15 жалпы білім беретін мектептер мен 3 қосымша білім беру мекемесі жұмыс жасауда. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
«Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша мүдделер қақтығысы, басшымен қызметкерлер арасында келіспеушілік болған жоқ, бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде бөлімде 1 бірлік бөлім басшысы, 1 сектор меңгерушісі және 2 бірлік бас маман болды. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Бөлімде арыз-шағым жәшігі, 2-00-97 сенім телефоны орнатылған.
Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар және қаржылық тәртіпті сақтау, соның ішінде мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуы мен ұйымдастырылуы бағытында заң бұзушылық фактілері болған жоқ. Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың тексеруі тіркелген жоқ.
Бөлімде мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген.
Сонымен қоса, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook, mail.ru, instagram, vk) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Мемлекеттік мекемелерге фото, бейне жазба және интернетке шығу функционалдығы бар мобильдік құрылғыларды енгізбеудің қатаң сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қызметкерлерге қол қойдыру арқылы жүргізіліп отыр.
Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 2020 жылда 24 мемлекеттік қызмет түрінен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдерін бұзу фактісі болған жоқ.
Бөлімге 2020 жылда барлығы 53 өтініш-арыздар түсті. Бөлімге түскен арыздарға үнемі уақытылы жауап беріледі.
Сонымен бірге, барлық білім беру ұйымдарында «сенім жәшігі» мен «сенім телефондары» жұмыс жасайды.
«Индер ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі 30, тел.: 8(71234)2-04-20 эл.поштасы:inder_raioo@mail.kz