2020 жыл бойынша Индер аудандық білім бөлімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2020 жыл бойынша  Индер аудандық білім бөлімінде

көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

 

Есеп, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын   және  оның  үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес жасақталған. 

Жергілікті атқарушы органдардың ҚР Үкіметінің 2013 жылғы                            18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсетулердің тізіліміне сәйкес Индер аудандық білім бөлімі мен оған қарасты білім беру ұйымдары арқылы жүзеге асырылады.

2020 жыл бойы мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімінен кешіктіру         фактісі тіркелген жоқ.

Жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер  стандарт пен регламентке сәйкес дайындалып қызмет алушыға уақытылы ХҚКО арқылы ұсынылады.

Индер аудандық білім бөлімі мен оған қарасты білім беру ұйымдары арқылы 24 мемлекеттік қызметтің түрі көрсетіледі.

2020 жылы 24 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 2903 қызмет көрсетілді, соның ішінде қағаз түрінде 1148 (39,5%), ХҚКО арқылы 111 (3,8%) мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 1644 (56,6%) электрондық түрде көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алуға болатындығын тұрғындарға түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

         Индер аудандық білім бөлімінің және оған қарасты білім беру ұйымдарының ғимараттарында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшіктер орналастырылған.

2020 жылы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.    

 

 

 

2020 жыл бойынша Индер аудандық білім бөлімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Дата публикации
05 февраля 2021