«Бөдене ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2020 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы

«Бөдене ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2020 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы

 

«Бөдене ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Индер ауданы Бөдене ауылы, М. Мөңкеұлы көшесі 2-А үй. Тел: 8(71234)2-64-10, факс 2-64-10. эл. пошта: akimat.bodene@mail.ru

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес, 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Талдау кезінде округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

Округ әкімі аппараты өз қызметін жүзеге асыру кезінде келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

«ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы;

«ҚазақстанРеспубликасыныңЕңбекКодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V;

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Қазақстан Республикасының Заңы;

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 Қазақстан Республикасының Заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағымен №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі

І. Нормативтік құқықтық актілерді шығару кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша:

Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратында 2020 жылдың қорытындысы бойынша округ әкімдігімен – 38 шешім және – 124 өкім қабылданды. Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

Бөдене ауылдық округі әкімі аппараты 2020 жылдың қорытындысы бойынша  барлығы  57  мемлекеттік қызмет көрсетілді.  Олар:

  • Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейінгі) жастағы балаларды кезекке қою - 25;
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;
  • Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;
  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 7;
  • Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру - 25;

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мерзімінен кешіктіру және қызмет алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына арыз шағымдар болған жоқ.

ІІ. Округ әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

2020 жылдың қорытындысы бойынша Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратына               барлығы – 8 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан– 5, заңды тұлғалардан – 3 өтініш.

2020 жылдың қорытындысы бойынша қаралған барлығы 8 өтініштің 2 оң шешіліп; 6-не заң шеңберінде тиісті жауаптары берілді. Қайталама арыздар саны – 0.

2020 жылдың қорытындысы бойынша округ әкімімен 21 азаматтар қабылданып тиісті түсініктемелер берілді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша прокуратурадан  және сот органдарынан қадағалау немесе басқа да актілер мен ұсыныстар түскен жоқ.

ІІІ. Округ әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша;

Бөдене ауылдық округі әкімінің аппаратында 2020 жылдың қорытындысы бойынша кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша округ әкімі аппаратында 5 штат бар. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 4 адам.

2020 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген бос лауазымдарға арналған ішкі және жалпы конкурстардың саны- 0. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Аудан әкімінің 2017 жылғы 17 қантардағы №30-ө өкімімен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

Қорытынды: Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Бөдене ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады.

 

 

 

Округ әкімі:                                                                          Ж. Гизатов

 

 

«Бөдене ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2020 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы
Дата публикации
05 февраля 2021