Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің «Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат
«Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Индер ауданы Елтай ауылы,Жеңіс көшесі 20 үй. 8(71234) 2-25-19,факс 2-25-19
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес,«Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында 2020 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөбекжай-бақшасы өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер,Заңдар,нормативтік құқықтық актілер қарастырылды.
«Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары бөбекжай-бақшасы қызметін қозғайтын нормативтік –құқықтық актілер (Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚРЗ,«Мектепке дейінгі балалар ұйымына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 шілдедегі №337 бұйрығы,Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы)
«Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мекемесінде қызметкерлердің штаттық саны-45,келісім шарт бойынша-4 теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандар,тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар болған жоқ.Наурыз айының 30-нан бастап, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің 30.03.2020 ж. №201 бұйрығына сәйкес балабақша жұмысы тоқтатылды.Қызметкерлер жалақысы 2019-2022 жылдарға арналған ұжымдық шарт негізінде толық мөлшерде төленді.Келісім шарт бойынша ИП «Избасова»,
«Баймұханұлы»,«Нұрлыбек» аталған кәсіпкерлермен тжұмыс жүргізіліп келеді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөбекжай-бақшасы өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер,Заңдар,нормативтік құқықтық актілер қарастырылыды.
«Қызғалдақ» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының педагог қызметкерлері біліктілігін арттыру курстары мен семинарлардан уақытылы, мерзімінде өткізіліп келеді.
Еңбек тәртібін бұзу,еңбек тәртібін қайталап бұзу,бөбекжай-бақшасы қызметкерлері арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу,бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген,қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алған жоқ.
Мектепке дейінгі балалар ұйымына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру әдістемелік ұсынымдар бойынша «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес жүргізілді.Мемлекеттік сатып алулар бойынша заң бұзушылық болған жоқ.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөбекжай қызметкерлері арасында жиналыстар өткізілді.
«Қызғалдақ бөбекжай-бақшасы МКҚК өз қызметін атқару келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:
Қазақстан Республикасының 2007жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы «Білім туралы»
Қазақстан Республикасының 2015жылғы 23 қарашадағы №414 «Еңбек кодексі»
Қазақстан Республикасының 2011жылғы 1 наурыздағы №414 Заңы «Мемлекеттік мүлік туралы»
Қазақстан Республикасының 2015жылғы 4 желтоқсандағы №434-Y Заңы «Мемлекеттік сатып алу туралы»
Қазақстан Республикасының 2007жылғы 12 қаңтар №221 Заңы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы »
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген бөбекжай-бақшасы директоры М.Н.Утешева