Қазақстанда брокер болу
Брокер делдалдық қызмет көрсететін кез келген компания немесе жеке тұлға. Қазақстан Республикасында қарапайым азаматтар қор биржасына дербес кіріп, бағалы қағаздарды басқара алмайды. Бұл лицензияланған брокер арқылы жүзеге асырылады.
⠀
Лицензия алу үшін өтініш беруші келесі біліктілік талаптарына сай болуы керек:
•Бизнес жоспарының болуы;
•бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруы қажет; •бағдарламалық-техникалық құралдардың болуы;
•ұйымдық құрылымның болуы;
•өтініш берушінің ішкі аудит қызметі туралы ережесінің болуы.
⠀
Лицензия алу үшін өтініш беруші, Ұлттық Банкке, тізімін беру ережесімен анықталған құжаттарды ұсынады. Ұлттық Банк құжаттарды қарастырып, өтініш расталған жағдайда, құжаттарды тапсырған күннен бастап 30 күннен кешіктірмей лицензия береді.
