Әскерге шақырудан босату немесе мерзімін ұзарту
Қазақстан Республикасының әрбір азаматының алдында «Әскери қызмет» міндеті бар. 18-25 жастан бастап олар Отанына қызмет етуге және қорғауға шақырылады. Алайда, белгілі бір жағдайларға байланысты әскерге бару мерзімін ұзарту немесе толық босату мүмкіндігі бар.
⠀
Толық босатулар:
•денсаулығына байланысты жарамсыз;
•27 жасқа толған;
•әскери қызмет кезеңінде туыстарының бірі қайтыс болған немесе I немесе II топтағы мүгедек болған адамдар;
•әскери қызметін басқа мемлекетте өтегендер;
•Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдарында қызмет еткен;
•ғылыми дәрежесі бар;
•діни бірлестіктерге тіркелген діни қызметкерлер.
⠀
Уақытша мерзімді ұзартуды келесі себептер бойынша алуға болады:
•отбасы үшін;
•білім алу барысында;
•денсаулық себептерімен;
•басқа себептер бойынша.
