Тестілеуден өткені туралы сертификаттың телнұсқасын беру

Тестілеуден өткені туралы сертификаттың телнұсқасын беру

 

Достар, өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда Мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу рәсімі маңызды және күрделі кезеңді - Мемлекеттік қызметке үміткерлерді тестілеуді қамтиды. Егер сіз Мемлекеттік қызметке тестілеуден өткен болсаңыз және сіздің сертификатыңыз жоғалған немесе бүлінген болса, EgovMobile қосымшасынан телнұсқасын ала аласыз.

Қызмет "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде орналасқан. Сізге "Тестілеуден өткені туралы сертификаттың телнұсқасын беру" бойынша шертіп, онлайн қызметке тапсырыс беру қажет, сертификатты таңдаңыз және ЭЦҚ көмегімен сұрау салуға қол қойыңыз. Қызметті күту мерзімі-5 минуттан аспайды.

Қызметтің нәтижесі-алынған қызметтер тарихынан сіз таба алатын сертификаттың көшірмесі.

Тестілеуден өткені туралы сертификаттың телнұсқасын беру
Дата публикации
04 февраля 2021