Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының «Елтай -Мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2020 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының «Елтай -Мәдениет»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2020 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

                                                                                                    

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының «Елтай -Мәдениет»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2020 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мәдениет үйі  әкімшілігі өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, құқықтық актілер нормативті құқықтық актілер,  қарастырылды.

«Елтай -Мәдениет» МКҚ кәсіпорны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары  нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, мекемеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, мекеме бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.

            Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының «Елтай-Мәдениет»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2020 жылға  көрсетілген мемлекеттік қызметтер.  Олар:

  • 2020 жылы кәсіпорынның штаттық кестесі бойынша 21 штатты құрады.
  • Мүдделер қақтығысы- 2020 жыл ішінде мүдделер қақтығысы болған жоқ
  • Кәсіпорынның жарғысы негізінде халыққа қызмет көрсетіледі.

Жыл ішінде 16 шара көрермендермен 58 шара онлайн форматта барлығы 74  ұйымдастырылып, шараға 12099 көрермен қамтылды.

Ақылы қызметтен жылға 90 000 қаржы түсірілді.

  • Өтініштер болған жоқ.

Жалпы кәсіпорынға  24 465,0  тенге қаражат бөлініп, толықтай игерілді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мерзімінен кешіктіру және қызмет алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына арыз шағымдар болған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпорын қызметкерлеріне қатысты  теріс  материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

2020 жылы  қызметкерлер арасындағы 8 жиналыс өткізілді. Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және болдырмау мақсатында «Сыбайластыққа қарсымыз» тақырыбында қызметкерлермен 2 жиналыс өткізілді. Қоғамдық бақылау картасы жобасы аясында халыққа парақшалар таратылды.

Есептік кезеңде «Елтай -Мәдениет» МКҚ кәсіпорнында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады,  қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ. 

 

 

 

 

«Елтай -Мәдениет»  МКҚК

Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының «Елтай -Мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2020 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
26 января 2021