«Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Жауқазын» бөбекжай –бақшасы бойынша 2020 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Жауқазын» бөбекжай бақшасында 2020 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөбекжай әкімшілігі өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар,құқықтық актілер нормативті құқықтық актілер, қарастырылды.
«Жауқазын» бөбекжай-бақшасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нормативтік-құқықтық актілер (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 21 ақпандағы №58 бұйрығы «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, аппаратқа келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, аппарат бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.
«Жауқазын» бөбекжай - бақшасы бойынша 2020 жылға көрсетілген мемлекеттік қызметтер. Олар:
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мерзімінен кешіктіру және қызмет алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына арыз шағымдар болған жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарына бөбекжай қызметкерлеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.
Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және болдырмау мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу» тақырыбында қызметкерлермен 3 жиналыс өткізілді.
Есептік кезеңде «Жауқазын» бөбекжай-бақшасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.
«Жауқазын» бөбекжай-бақшасы КМҚК
директоры: Ж.Рысбаева