2020 жыл бойынша«Индербор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2020 жыл бойынша«Индербор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілген мемлекеттік  қызметтер туралы ақпарат

Есеп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы»№78 бұйрығына сәйкес жасақталған. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген тізімге сәйкес Индербор кенті әкімінің аппараты  арқылы жүзеге асырылады.

2020 жылы мемлекеттік мекемеде 3 мемлекеттік қызмет түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Есепті жыл ішінде қызмет көрсету уақытын кешіктіру фактісі  тіркелген жоқ.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер стандарт пен регламентке сәйкес дайындалып қызмет алушыға уақытылы ұсынылды.

Барынша сұранысқа ие қызметтер: «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» кент бойынша -   106 тұрғын кезекке қойылды.

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 58.

«Мектепке дейінгі балалар ұйымына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» - 366

Индербор кенті әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтік көрсетуші  мамандары біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы, мерзімінде өткізіліп отыр.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ғимарат стендтермен жабдықталған.Жыл ішінде көрсетілген қызметтер сапасына шағымданушылар болған жоқ.

Есепті жылдың ішінде  кент көлеміндегі орналасқан жеке тұлғалардың қатынасуымен 8 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.

 

 

Индербор кенті әкімі аппараты

2020 жыл бойынша«Индербор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Дата публикации
26 января 2021