2020 жылдың қорытындысы бойынша Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

2020 жылдың қорытындысы бойынша Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар  қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен  ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.

       ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес  «Индер  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы 4 қызмет түрі көрсетіледі.

       Бөлімде көрсетілетін Мемлекеттік қызметтер «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы        № 257 Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекіту туралы бұйрығы» негізіндегі нормативтік құқықтық актілер арқылы жүзеге асырылады.

1)  «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»;

2)  «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру»;

3)  «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу»;

4)  «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу».

Есепті мерзімде ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы барлығы 150 қызмет көрсетілді

       1)  «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» 74 (ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА) ;

       2)  «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» 55 (ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА);

       3)  «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу»;

       4)  «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»         21 (ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА);

       Ауыл шаруашылығы бөлімінің техинспекция саласы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 100 пайызы электронды үкімет веб парталы негізде көрсетілді. Мерзімінен кешіктіріліп толтырылған қызметтер болған жоқ. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы бөлімінде ғимаратында  қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орналатылған.

       2020 жылдың  қорытындысы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

       Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің ақпараттық стенділері орнатылған. 

       Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау, түсіндіру және танымалдандыру мақсатында   3 мақала аудандық газетке берілді.

       Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілері,   қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар  түскен жоқ.

                                     

2020 жылдың қорытындысы бойынша Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі
Дата публикации
26 января 2021