Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы бағытындағы жұмыстар бойынша ақпарат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы бағытындағы жұмыстар бойынша ақпарат

         Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  бағытында үгіт – насихат жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады, бөлімде жұмыс жасайтындар,   бас мамандар және егін, мал шаруашылығымен айналысып отырған шаруашылық басшыларымен, мүшелерімен бірнеше рет жиналыс,  дөңгелек стол өткізілді. Барлық жүрген ортада сыбайлас жемқорлықтың  зияны жөнінде айтылып, түсіндіріліп отырылады. Бөлімде әдеп кодексі жасақталып ілінді және  арыз-шағым жәшігі жаңа үлгіге сай қайта жасақталып ілінді.   Бөлімде  2-10-38 сенім телефоны жұмыс істеп тұрғандығын қаперіңізге береді

        Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Индер ауданы Ауыл шаруашылығы бөлімі (әрі қарай - Бөлім) басшысының бұйрығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2020 жылдың 6 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында жүргізілді.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.

Есептік кезеңіңде, бөлім басшысының өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылады.

2020 жылыдың 03 шілдедегі Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының  №24 нұсқамасында көрсетілген заң бұзушылықтарды жасауға себеп болған жағдайларды жою туралы ұсыныстар берілді.

Ұсыныстар назарға алынып кемшіліктер жойылды.

Бөлім қызметкерлері 4 (төрт) түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1)  Арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеуі – 0 қызмет

2) Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру – 55 қызмет;

3) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу – 21 қызмет;

4) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру - 74

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту және мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы апта, ай және тоқсан сайын ақпарат беріліп отырады.

ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңның 18-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер келесідей негізінде көрсетіледі: 1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы; 2) Мемлекеттік корпорация арқылы; 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.

Бөлімге 2020 жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан арыз – шағымдар келіп түскен жоқ.

         Бөлім бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

         Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

         Есептік кезеңде Бөлімнің қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

Жоғарыда айтылғандай, Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы бағытындағы жұмыстар бойынша ақпарат
Дата публикации
26 января 2021