2021-2025 жылдарға арналған Индер ауданын дамыту бағдарламасы

2021-2025 жылдарға арналған Индер ауданын  дамыту бағдарламасы

МАЗМҰНЫ

1.Төлқұжаты

3-4

2. Ағымдағы жағдайды талдау

5-9

Негізгі проблемаларды жан-жақты сипаттау

 

Бәсекелестікартықшылықтар мен мүмкіндіктер

 

3. Негізгі бағыттар, мақсаттаржәне оларға жету жолдары

10-19

        1 Бағыт: Аймақтық экономикалық өсу

10-12

        2 Бағыт: Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету

13-16

        3 бағыт: Өмір сүру үшін жайлы және қауіпсіз жердегі аймақ

16-19

 4. Қажетті ресурстар

20

  1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ

Атауы

2021-2025 жылдарға арналған Индер ауданының аумақтарын дамыту бағдарламасы

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Индер ауданының аумағы – 11,1 мың шаршы шақырым, облыс аумағының – 9,3% құрайды.  Аудан облыстың солтүстігінде, Жайық өзенінің екі бетін ала орналасқан. Батыс Қазақстан облысымен және облысымыздың Махамбет, Қызылқоға аудандарымен шектесіп жатыр. Ауданда 34614 адам тұрады, бұл облыстың жалпы халқының 5,2% құрайды, халықтың жалпы санынан, халықтың тығыздығы 3 адамнан келеді.

Аудан аумағында 1 кент, 6 ауылдық әкімдік округі және оларға қатысты 13 ауыл бар. Ауданның экономикасы прогрессивті және әртараптандырылған құрылыммен сипатталады. Мында облыстың өнеркәсіптік өндірісінің 0,03%, ауыл шаруашылығының 13,0%  шоғырланған. Геологиялық және гидрогеологиялық сипаты жағынан, пайдалы қазындылары жөнінен аудан өте күрделі жер қойнауымен ерекшеленеді. Пайдалы қазындыларынан құрылыстық материалдар бағытындағы шикізаттарына аса бай.

Ауданның жалпы жер қоры – 1 087,5 мың гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары – 361,4 мың гектар; оның егістік жері  - 1,1 мың гектар. Ауданның орман қоры – 15,4  мың  гектар,оның ішінде  орманмен жабылғаны – 6,7 мың гектар.

Аудан жерінде Жайық, Бағырлай, Алғабас, Құрайлы өзенінің екі жағындағы өзен аңғарлары арқылы салынған, Ақсай суару-суландыру жүйелері бар.

         Ауданның ірі көлі –Индер. Ол тұзды, тұйық көл. Жайық өзенінің сол жағында 15 шақырым жерде орналасқан.

 

Бағдарламаның бағыттарымен  мақсаттары

I -бағыт:Аймақтық экономикалық өсу

Мақсаттары:

Өнеркәсіптің шикізат емес салаларын басым дамуы;

Агроөнеркәсіп кешен  салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

II - бағыт: Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету

Мақсаттар:

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жаңа жұмысорындарын құру;

Жалпы орта білім беру және мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасын арттыру;

Азаматтар  үшін  әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін арттыру;

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

III -бағыт: Өмір сүру үшін қолайлы және қауіпсіз аймақ

Мақсаттар:

Азаматтар үшін  қол жетімді баспана алуға тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру;

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

 Жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту және коммуникация желісін кеңейту;

Өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту;

Ауылдық елді мекендердің  әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі.

 

Қажетті

ресурстар

 

Қаржыландыру көздері: Республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың меншікті қаражаттары.

Қаржыландыру көлемі: Бағдарламаны іске асыру үшін 27 280,9*млн.теңге, соның жылдар бойынша:

2021 жылы – 8 676,6 млн. теңге;

2022 жылы – 11 408,2  млн.теңге;

2023 жылы – 6 735,1 млн.теңге;

2024 жылы – 219,0 млн.теңге;

2025 жылы – 241,0 млн.теңге.

*Қаржыландыру көздері бойынша шығыстар сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту мен нақтылауды ескере отырып түзетілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

  Индер ауданы экономикасының даму бағыттарының басымдылығы тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы,  шағын және орта кәсіпкерлік саласы болып табылады.

[Өнеркәсіп]

Индер ауданында өнеркәсіп өнімін өндірумен айналысатын 3 орта және
16 шағын кәсіпорын тіркелсе, 17-сі нақты жұмыс жасап  тұр. (Оның ішінде
4 құрылыс материалдарын өндіру, 1 шұбат-қымыз өндіру, 2 таза су өндіру,
1 техникалық және ас тұзын өндіру кәсіпорны мен 9 нан өнімдерін шығару наубайханасы.)

2019 жылы өндірістік өнеркәсіп өнімінің көлемі - 2 566,0 млн.теңге, 2018 жылмен салыстырғанда  8,6 пайызға артты. (2018 жылы – 2 362,0 млн.теңге, 2017 жылы - 2 014 млн.теңге).  Нақты көлем индексі 2019 жылы - 172,2% құрады (2018 жылы – 89,6%, 2017 жылы – 110%).

 [Ауыл шаруашылығы]

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2019 жылы – 10223,1 млн.теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 20,1 пайызға артты    (2018 жылы 8 511 млн.теңге, 2017 жылы 8027,3 млн.теңге).  Нақты көлем индексі 2019 жылы - 103,9% құрады  (2018 жылы – 103,5%, 2017 жылы – 102,1%).

Аудан бойынша 2019 жылдың қорытындысымен ірі қара мал басы – 19 251 бас, 2018 жылмен салыстырғанда 4,4%, қой мен ешкі – 95 384  бас немесе 1,6% артты. (2018 жылы  ІҚМ – 18 445 бас, ҰТМ – 93 871 бас, 2017 жылы ІҚМ – 17 892 бас, ҰТМ – 91 072 бас). Оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарында  2019 жылы  ІҚМ – 6572 бас, ҰТМ – 45 736 бас, 2018 жылмен салыстырғанда  ІҚМ – 11,5%, ҰТМ – 9,0%. (2018 жылы ІҚМ – 5893 бас, ҰТМ – 41926 бас, 2017 жылы  ІҚМ -  5 201 бас, ҰТМ – 39 725 бас).

Аудан бойынша мемлекеттік «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Іскер», «Агробизнес» бағдарламаларының  жүзеге асырылуының арқасында 2017-2019 жылдар аралығында  кұрылымдардағы мал басынан 11,6 % мүйізді ірі қара және ұсақ малдардың санының  көбеюіне қол жеткізілді.

 [Еңбек нарығы]

Жұмыс күші (экономикалық белсенді халық) 2018 жылғы 16 486 адамнан 2019 жылы 16 446 адам болып, яғни 40 адамға дейін немесе 0,2%  төмендеп отыр. Төмендеу себептері аудан тұрғындарының басқа өңірге көшіп кетуінен болып отыр.

Жұмыспен қамту орталығына 2018 жылы 2158 адам хабарласып, оның 2026 адам жұмыспен қамту шараларына тартылса, 2019 жылы 1951 адам хабарласып, оның 1763 жұмыспен қамту шараларына тартылды.

Аудандағы жұмыссыздық деңгейі 2017 жылы 5,1%-дан  белсенді жұмыспен қамту шараларына орай 2019 жылға жұмыссыздық деңгейі – 4,9%-ға төмендеді. (2018 жылы 5,0%).

Жұмыспен қамту органдарына тіркелгендердің ресми жұмыссыздық деңгейі 2,5% құрады.

2017 жылы 1453 жұмыс орны, оның ішінде 791 тұрақты жұмыс орны, 2018 жылы 1 945 жұмыс орны, оның ішінде 1 269 тұрақты жұмыс орны, 2019 жылы 1093 жұмыс орны, оның ішінде 902 тұрақты жұмыс орындары ашылды.

2019 жылы 4 рет бос жұмыс орыны жәрмеңкесі ұйымдастырылып, нәтижесінде 106 адам жұмысқа орналастырылды. (2018 жылы 4 жәрмеңке, 155 адам, 2017 жылы 4 жәрмеңке 132 адам).

 [Білім]

Аудан бойынша білім бөліміне қарасты 15 мектеп бар. Апатты жағдайдағы мектептердің санын азайту мақсатында 2017 жылы жаңадан үш мектептің (Аққала, Гребенщик, М.Мөңкеұлы атындағы орта мектептер)  құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Күні бүгінге апаттық жағдайдағы мектептердің саны 4-тен 1-ге дейін төмендетілді. Қазіргі  таңда  Есбол ауылындағы Қ.Есқалиев атындағы орта мектеп "Техэксперт-Эко" ЖШС-нің №00266 2017 жылдың 12 ақпанында берген  қорытындысы негізінде апаттық  жағдайдағы мектеп деп танылды. Қазіргі таңда Есбол ауылынан салынатын 320 орындық мектеп құрылыс нысанының жобалау – сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.

Аудан бойынша үш аусымдық мектеп жоқ.

Соңғы 3 жылда ауданда ерекше қажеттіліктері бар балалар санының өсуі байқалады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 2019 жылы – 83, 2018 жылы – 83. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар инклюзивті білім берумен қамтылған балалардың үлесі 2020- 31,1% жетті. (2018 жылы –27,5%).

[Спорт]

2017-2019 жылдары ауданның 5 елді мекенінде 5 спорттық нысан іске қосылып, барлығы аудан бойынша  91 спорттық нысандар халыққа қызмет етуде. Олар, 1 денешынықтыру-сауықтыру кешені, 21 спортзал   (мектепішілік-15, колледжде -1), 1 атқыштар тирі, 33 ашық алаң.

Халықтың  спорттық инфрақұрылыммен  қамтамасыз етілу деңгейі 2019 жылдың қорытындысы бойынша 19,3% құрады.(2018 жылы – 19,%).

[Төтенше жағдайлар]

Индер ауданы мемлекеттік өртке қарсы бөлімшелері жоқ ауылдық елді мекендердегі өрттер сияқты қауіпті табиғи құбылыстарға ұшырайды.

2017-2019 жылдары аудан аумағында 3 дала өрті тіркелді, нәтижесінде зардап шеккендер, қаза болғандар және материалдық шығындар жоқ.

Ауданда өртке қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі 35% құрайды. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерді толық қорғау үшін 1 өрт сөндіру бекеті (Көктоғай ауылдық округі) жұмыс істейді. Қазіргі қолданыстағы өрт сөндіруші бөлімшенің нормативтік талаптардың қызмет көрсету радиусы 2-3 есеге асады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет  бөлімшелерінің  саны жеткіліксіздігінен өрт болып жатқан аймағына өрт сөндіру қызметінің келуіне уақытты көп талап етеді.

Жарсуат  ауылдық  округінің  жер  көлемі  331,1 мың гектар,  халық саны 3144 адамды құрайды. Аудан орталығынан 35 шақырым қашықтықта орналасқан. Жарсуат елді мекеніне жылжымалы өрт сөндіру модульдік станция сатып алған жағдайда Жайық өзенінің Азия бетіндегі Жарсуат ауылынан басқа тағы 4 (Бөдене, Құрылыс, Ақтан, Қызылжар) елді мекенді қамтитын болады.

Ауданның жеті елді мекенінде ұзындығы 18,9 мың метр қорғаныс бөгеттері бар. Барлығына жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Негізінен аса қауіпті су басуға Жарсуат және Құрылыс елді мекендері кіреді. Басым көпшілігі 10,5 мың метр осы аумақта орналасқан.

[Тұрғын үймен қамту]

    2017-2019 жылдары ауданда барлық көздер есебінен 84215 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде:  2017 жылы – 19 435,7, 2018 жылы – 32116 шаршы метр, 2019 жылы 32664 шаршы метр жеке тұрғындар үйлері.

 Статистикалық ақпаратқа  сәйкес, 2019 жылдың қорытындысы бойынша аудандағы бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету – 21,0 шаршы метрді құрады (2017 жылы – 15,9 шаршы метр, 2018 жылы – 20,5  шаршы метр,).

 [Халықты таза сумен және сарқынды суды тазартумен қамту]

Аудан бойынша халықты сумен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрап отыр.

2019 жылы аудан бойынша 22,0% халқы орталықтандырылған су бұрумен жабдықталған, қалғаны аулаішілік  құдықтардан ассенизациялық көліктер арқылы алғызады.

Индербор кентінде қуаттылығы тәулігіне 4,8 мың шаршы метр болатын кәріз тазарту ғимараты орналасқан. 2019 жылы 3 дана кәріздік насос станциясы орнатылды. Оның ұзындығы 64,5 шақырым, 3120 тұрғын үйлерге тартылды.

 [Автомобиль жолдары]

Аудан  бойынша барлығы 364,9 км автомобиль жолы болатын болса, оның 82 шақырым республикалық маңызы бар Атырау-Орал автомобиль жолы, 63 км облыстық маңызы бар Атырау-Индер автомобиль жолы, қалған 219,9 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының барлығы 282,9 км құрайды. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2019 жылдың қорытындысымен  56,5 пайызды құрап отыр.(2018 жылы –42,8%, 2017 жылы -42,8% )

 [Экология]

Индер ауданына қарасты 13 елді-мекеннің 11-інде қалдықтарды сақтайтын қоқыс алаңшалары орналасқан.

Аудан бойынша 2017 жылы – 5421 тонна, 2018 жылы – 5814 тонна, 2019 жылы – 6612тонна қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, полигон шығарылды. Ауданда қатты тұрмыстық қалдық шығарумен "Жасыл-Аймақ» ЖШС-і айналысады.

 

Негізгі мәселердің кешенді сипаттамасы

Өнеркәсіп бойынша:

Инженерлік коммуналдық инфрақұрылымының төмен дамуы.

Ауыл шаруашылығы бойынша:

Ауыл шаруашылығына жергілікті тұрғындардың  жұмысқа бармауы;

Жеке тұрғындардың шаруашылығындағы малдардың жайылымдық жерлердің тапшылығы жем-шөптің, судың тапшылығы.

Жұмыспен қамту бойынша:

Халықтың  әлжуаз топтарын жұмысқа орналастыру;

Кадр дайындаудағы қиындықтар.

Білім бойынша:

Педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі (әсіресе орыс тілі, химия, алғашқы әскери дайындық, музыка, технология пәнінің мұғалімдері);

Аудандық білім бөліміндегі методикалық кабинетінің жұмысының төмен болуы білікті мамандардың тұрақтанбауы.

Спорт бойынша:

Адам көп қоныстанатын жерлерде және халықтың көпшілік демалатын орындарында спорт алаңдарының жеткіліксіздігі.

Төтенше жағдай бойынша:

Ауылдық елді мекендердің тұрмыстық және табиғи өрттен қорғалмауы.

Тұрғын үймен қамту:

Бюджет есебінен салынатын тұрғын үйлердің аздығы;

Кезек бойынша апатты жағдайдағы үйлердегі тұрғындардың көшірілуінің аздығы.

Сумен қамту:

Елтай, Аққала, Құрылыс пен Ынтымақ елді  мекендердегі су тазарту қондырғыларының  жұмысына субсидия бөлінуінің шешілмеуі.

Жол бойынша:

Елді мекендердің ішкі жолдарының тозуы;

Аудан үшін республикалық  маңызы бар  «Атырау-Орал»,  «Атырау-Индер»  тас жолдарының  бүлінуі.

 

Тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру бойынша:

Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешенініңжоқтығы;

Қоқыс полигондардың қоршалмауы.

 

Бәсекелестік артықшылықтары

  • Табиғи шикізат базасының болуы;
  • Өндіріс әлеуетінің жоғары болуы;
  • Өндіріс және ауыл шаруашылығы әлеуетінің болуы;
  • Ауданның географиялық тиімді орналасуы.

 

Мүмкіндіктері

Ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды пайдалана отырып, жұмысшылар санын арттыру;

Ірі өнеркәсіп жобаларды іске асыру;

Туризмді дамыту;

Логистикалық және сервис көрсету орталықтарын ашу.

 

 

 

 

  1. Негізгі бағыттар, мақсаттар және оларға қол жетізу жолдары

 

БІРІНШІ БАҒЫТ: Аймақтық экономикалық өсу

 

1.Мақсат: Өнеркәсіптің шикізат емес салаларын басым дамуы

 №

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы көрсеткіштер

Жауапты орындаушылар

2021

жылы

2022 жылы

2023

жылы

2024

жылы

2025 жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.

Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар

млн.                                                               теңге

10

80

30

40

  60

Индер аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі

Қол жеткізу жолдары:

«ТҰЗ» ЖШС-мен ас тұзын өндіру және техникалық тұз өндіру заводын іске асыру және  «ИСИГипсИндер» ЖШС-мен құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру заводын іске асыру үшін негізгі капиталға инвестициялар тарту.

 

  1. Мақсат: Агроөнеркәсіп салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру

№

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы көрсеткіштер

Жауапты орындаушылар

2021

жылы

2022 жылы

2023

жылы

2024

жылы

2025 жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

2.

Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі

%

102,7

102,2

102,4

102,5

102,9

Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі

3.

Егін көлемін арттыру үлесі, оның ішінде:

%

 

 

 

 

 

 

Тамшылатып суару әдісінің үлесі

%

49

53

61

70

80

Қол жеткізу жолдары:

2022 жылы - аудан бойынша 1 асыл тұқымды мал шаруашылығын ашу;

Мал шаруашылығы үшін мал азығы дақылдары егілетін алқапты 490 гектарға дейін арттыру қорын дамыту (2021 жылы – 440, 2022 жылы – 450, 2023 жылы –450, 2024 жылы – 470, 2025 жылы –490);

Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту мақсатында барлығы  47 жаңа ауылшаруашылық техникалары мен құралдарын алу (2021 жылы - 12, 2022 жылы - 10, 2023 жылы - 5, 2024 жылы -10, 2025 жылы –10);

Тамшылатып суару әдісінің үлесін ұлғайту.Жалпы егін көлемі 2021 – 2025 жж. аралығында барлық көлемі 1515 гектар, оның ішінде тауарлы егіс көлемінің 80% тамшылатып суару технологиясын жеткізу. 1160 гектарға дейін өсуі жоспарлануда. Оның негізгі себептері – суды тиімді пайдалану, өндірілген өнімді арттыру, жаңа технологиялар енгізу арқылы (тамшылатып суару қондырғылары) пайда табу, яғни жұмыс күшін азайтып өзіндік құнын төмендету. Мемлекет тарапынан қолдау көрсету – 50% - дейін субсидиялар бөлу.

2021 жылы – жалпы егіс көлемі 1 115 гектар, оның ішінде тамшылату әдісімен 550 гектар - 49%;

2022 жылы – жалпы егіс көлемі 1 125 гектар, оның ішінде тамшылату әдісімен 600 гектар - 53%;

2023 жылы – жалпы егіс көлемі 1 140 гектар, оның ішінде тамшылату әдісімен 700 гектар - 61%;

2024 жылы – жалпы егіс көлемі 1 150 гектар, оның ішінде тамшылату әдісімен 800 гектар - 70%;

2025 жылы – жалпы егіс көлемі 1 160 гектар, оның ішінде тамшылату әдісімен 900 гектар - 80%.

 

ЕКІНШІ БАҒЫТ: Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету

 

  1. Мақсат: Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын құру

№

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы көрсеткіштер

Жауапты орындаушылар

2021

жылы

2022 жылы

2023

жылы

2024

жылы

2025 жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

24.

Құрылған  жұмыс орындарының саны, оның ішінде:

бірлік

1271

1247

1232

1252

1256

Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі

-        тұрақты

551

517

507

527

531

-        уақытша

720

730

725

725

725

 

 

 

 

 

 

 

 

5.

Еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек  (шартты ақшалай көмек) алушылардың жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы (ШАК еңбекке қабілетті алушыларының жалпы санында)

%

69,0

70,3

71,7

73,1

74,6

 

Қол жеткізу жолдары:

Өндірістерді енгізу және кеңейту, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жобаларды іске асыру, шағын және орта бизнесті    дамыту есебінен  6 мыңнан астам жұмыс орнын, оның ішінде 2,6 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Еңбек жанжалдарының себептері мен талаптарына талдау жұмыстарын жүргізу арқылы аудандағы кәсіпорындары мен мекемелерде еңбек заңнамалары талаптарының бұзылуына жол бермеу шараларын алу;

Кәсіпорындары мен мекемелерде еңбек заңнамалары талаптарының сақталу жөнінде мәселесі бойынша, соның ішінде еңбекті қорғау және қауіпсіздігі жөнінде ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

         Ірі жұмыс берушілермен бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін өткізу.

 

  1. Мақсат: Жалпы орта білім беру және мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету

№

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы көрсеткіштер

Жауапты орындаушылар

2021

жылы

2022 жылы

2023

жылы

2024

жылы

2025 жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

6.

Апаттық және үшауысымдық мектептер санын азайту, оның ішінде

-        апаттық

-        үш аусымдық

бірлік

 

 

 

1

0

 

 

 

1

0

 

 

 

1

0

 

 

 

1

0

 

 

 

1

0

Индер аудандық білім  бөлімі

7.

Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі

%

80,0

85,5

90,1

95,1

 100

Қол жеткізу жолдары:

Апатты жағдайдағы мектептерді жою мақсатында 2021 жылы Есбол ауылынан 320 орындық мектеп құрылысын салу жоспарлануда;

2021-2023 жылдары  ауданның 13 мектебіне  инклюзивті білім беруге жағдай жасау үшін   құрал-жабдықтар алу;

Инклюзивті білім беру бойынша мектеп ұйымдарының желісін кеңейту.

 

 

5.Мақсат: Азаматтар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін арттыру

№

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы көрсеткіштер

 

Жауапты орындаушылар

2021

жылы

2022 жылы

2023

жылы

2024

жылы

2025 жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

18.

Халықтың 1000 адамға шаққандағы  спорттық  инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз етілуі

%

21,3

21,4

22,0

22,2

23,0

Индер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

Қол жеткізу жолдары:

Аудан аумағында 2021-2025 жылдары 3 спорт кешенің салу жоспарлануда:

2021 жылы – Өрлік, Жарсуат ауылына спорт кешенін қабылдау;

2021-2022 жылдары Көктоғай ауылына спорт кешенін салу.

 

  1. Мақсат: Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

№

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы көрсеткіштер

Жауапты орындаушылар

2021

жылы

2022 жылы

2023

жылы

2024

жылы

2025 жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

9.

Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі

%

0

0

100

        100

100

Индер ауданы әкімдігі

Қол жеткізу жолдары:

2023 жылы жаға бекіту және нығайту жұмыстары бойынша инженерлік-геологиялық іс-шараларды жүргізу.

 

 

ҮШІНШІ БАҒЫТ:Өмір сүру үшін қолайлы және қауіпсіз аймақ

 

  1. Мақсат: Азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру

№

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы көрсеткіштер

 

Жауапты орындаушылар

2021

жылы

2022 жылы

2023

жылы

2024

жылы

2025 жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10.

Бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу

бір адамға шаққандағы ш.м.

 22,2

 23,2

24,0

24,1

24,2

Тұрғын үй  - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

11.

Апаттық жағдайдағы  көп қатарлы тұрғын үйлердің санын азайту үлесі

%

 25,3

17,9

11,9

5,9

0

Тұрғын үй  - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

Қол жеткізу жолдары:

Аудан бойынша 2021-2025 жылдары 31,1 мың  шаршы метрден астам 300 пәтерлік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда:

2021 жылы – 48 пәтерлік – 4, 80 пәтерлік – 1, барлығы 5  көп қатарлы тұрғын үй құрылысы;

2021-2022 жылдары – 60 пәтерлік – 1 көп қатарлы тұрғын үй құрылысы;

2025 жылы - 80 пәтерлік – 2 көп қатарлы тұрғын үй құрылысы;

Елді мекендерде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен бірлескен құрылыс салу жобасын жасақтау;

Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тартуды ынталандыру;

Жеке тұрғын үй салу;

2021 жылы - Индер ауданы Индербор кенті Көктем ықшам ауданының №11аумағына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы  (автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдары);

2021 жылы - Индер аудан Аққала ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (сумен жабдықтау); Индер аудан Аққала ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылсы (кәріз желісі); Индер ауданы  Аққала ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдары).

2022 жылы - Индер ауданы Көктоғай, Бөдене, Жарсуат, Өрлік ауылдарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (тоқ), Индер ауданы  Көктоғай ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (сумен жабдықтау), Индер ауданы Көктоғай ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (газбен жабдықтау).

 

8 мақсат: Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, инфрақұрылым объектілерін жаңғырту

№

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы көрсеткіштер

Жауапты орындаушылар

2021

жылы

2022 жылы

2023

жылы

2024

жылы

2025 жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

12

Халықтың сумен жабдықтау көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуі

%

100

100

100

100

100

Тұрғын үй  - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

Қол жеткізу жолдары:

Ауылдық елді мекендердің су тазарту қондырғыларына мембранды су сүзгілерін ауыстыру.

 

  1. Мақсат: Жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту

№

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы көрсеткіштер

Жауапты орындаушылар

2021

жылы

2022 жылы

2023

жылы

2024

жылы

2025 жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

13.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі

%

65,3

73,6

81,8

81,8

81,8

Тұрғын үй  - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

Қол жеткізу жолдары:

2021 жылы –«Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» (0-80 шақырым) – 17,5 шақырым;

2022 жылы – «Индер-Қарабау-Мияля-Сағыз» (0-80 шақырым)– 17,5 шақырым;

2023 жылы – «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» (0-80 шақырым) – 17,5 шақырым;

2024 жылы – «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» (0-80 шақырым) – 14,3 шақырым;

2025 жылы – «Ақтан-Қызылжар» - 2,8 шақырым.

 

  1. Мақсат: Өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту

№

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы көрсеткіштер

Жауапты орындаушылар

2021

жылы

2022 жылы

2023

жылы

2024

жылы

2025 жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  14.

 

Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі

%

21

24

27

30

33

Тұрғын үй  - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

Қол жеткізу жолдары:

Ауданның елді елді мекендерінің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету үшін мониторинг жүргізу.

 

  1. Мақсат: Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі

№

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

Жоспарлы көрсеткіштер

Жауапты орындаушылар

2021

жылы

2022

жылы

2023

жылы

2024

жылы

2025 жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  15.

Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес ауылдық елді мекендердің әлеуметтік игіліктермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі

%

74,9

80,2

85,4

90,9

96,6

Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі

Қол жеткізу жолдары:

Ауылдық елді мекендердің өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз етілген елді мекендер бойынша мониторинг жүргізу;

Ауылдық елді мекендердің өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен  2021 жылы 74,9 %-ға қамтамасыз ету мақсатында  Индербор кентіне қоқыс алаңшаларына сұрыптау кешенін орнату  жоспарлануда;

2022 жылы  80,2%-ға жету мақсатында аудан орталығынан автотұрақ бекетінің құрылысын салу және Жарсуат ауылына  жылжымалы өрт сөндіру модульдік станция сатып алу жоспарлануда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

2020-2022 жылдарға арналған бюджет қаражаты бойынша шығыстар 2020-2022 жылдарға арналған бекітілген үш жылдық бюджетке сәйкес көрсетілген.  2023-2025 жылдарға арналған қаражат шамамен алынған сомаларды есепке ала отырып көрсетілген.

Шығыстардың барлық сомасы ҚР заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық және  жергілікті бюджеттердің нақтылауынан бекітуді ескере отырып түзетілетін болады.

Алдын ала есептеулер бойынша  Аумақты  дамыту  бағдарламаны іске асыруға 27 280,9  млн.теңге  бағыттау жоспарлануда, оның ішінде бағыттар бойынша:

млн. теңге

№ п/п

Бағыттардың атауы

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

2025жыл

1

2

3

4

5

6

7

1.

1 Бағыт

11,1

81,3

31,5

41,7

61,8

 

- РБ

0

0

0

0

0

 

- ЖБ

0

0

0

0

0

 

- БК

11,1

81,3

31,5

41,7

61,8

2.

2 Бағыт

2 265,4

913,8

225,6

177,3

179,2

 

- РБ

481,5

378,2

62,1

65,3

67,2

 

- ЖБ

1 783,9

535,6

163,5

112,0

112,0

3.

3 Бағыт

6 400,1

10 413,1

6 479,0

0

0

 

- РБ

4 733,5

8 437,8

4 374,0

0

0

 

- ЖБ

1626,6

1 848,3

2 105,0

0

0

-

- БК

40

      127,0

0

0

0

 

Барлығы

8 676,6

11 408,2

6 736,1

219,0

241,0

 

 

 

2021-2025 жылдарға арналған Индер ауданын дамыту бағдарламасы
Дата публикации
23 января 2021