2020 жылдың қорытындысымен «Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі » КММ-нің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат»
«Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі МҚК » Индер ауданы, Индербор кенті , Конаев көшесі 14 үй
Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:
Аудандық бөлім қызметін Индер ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 тамыздағы № 224 «Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес атқарады. Аудан әкімі өкіміне сәйкес бөлімнің штатық саны – 6 бірлікті құрайды, онын нақты саны -6 бірлік. Жыл сайынғы еңбек демалысына – 6 қызметкер жіберілді. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Бөлім бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін 3 адамнан тұратын жұмысшы тобы құрылды.Топтың төрағасы бөлім басшысы –А.Серікқалиева
Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады: (2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, 2015 жылғы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп Кодексі, 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Мемлекеттік қызметі туралы Заңы, 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңы, 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787-ХII «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңы, 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы, 2016 жылғы 16 сәуірдегі № 482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңы, 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңы, 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы, 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы, Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысы, 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» бұйрығы, 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту» қаулысы).
Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.
Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 191 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 68, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №446 бұйрығымен №279«Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы және Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 293 «Атырау облысында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бөлімде 25 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. 2020 жыл қорытындысымен бөлім арқылы жалпы саны – 10170 мемлекеттік қызметттер көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік коорпорация арқылы-2718 қызмет, «электронды үкімет» веб порталы арқылы-1065 қызмет,қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйесі арқылы 6272, қағаз түрінде-5, баламалы түрде -110 қызмет. Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру бағытында 2 рет түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бөлімге жеке тұлғалардан 2020 жылға барлығы 21-өтініш, оның ішінде 11- заңды тұлғадан, 10-жеке тұлғадан келіп түсіп, оның 6-ы қанағаттандырылды,14-не-түсінік берілді,1-і қанағаттандырусыз қалды. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-14-60 сенім телефоны орнатылған. Аудан бойынша төтенше жағдай енгізілуіне орай наурыз, сәуір, мамыр айларына аудандық бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлерін үкіметтік портал арқылы оналастыру, ZOOM арқылы жиналыстар өткізіліп халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау» , «Міндетіміз ортақ-жемқорлықсыз болашақ», «Сіз жемқорлықты тоқтата аласыз!» атты жадынамалар ілінді.
Бөлім бақылау қызметін жүзеге асырмайды.
2020 жылдың маусым айында облыстық тексеру комиссиясының жүргізген аудиторлық іс-шарасы қорытындысымен 4 жыл кезеңде кемшіліктер анықталып, еңбекақыдан 52,3 м.теңге артық төленген қаражат жергілікті бюджетке қайтарылды, кем төленген 7,7 м.теңге қызметкерлер есебіне аударылды, республикалық бюджеттен бөлінген трансферт есебінен мақсатсыз жұмсалған 60,7 м.теңге бюджетті нақтылау кезінде толықтай қайтарылды.
Бөлімнің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.
Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізген
бөлім басшысы : А.Серікқалиева