2020 жылда «Айналайын» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорын «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша» талдамалық ақпараты

2020 жылда «Айналайын» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорын «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша» талдамалық ақпараты

«Айналайын» бөбекжай-бақшасы, Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-баптары 5 бөлігі және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығына сәйкес, «Айналайын» бөбекжай- бақшасында 2020 жылында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі бақылау нәтижелері бойынша ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. «Айналайын» бөбекжай-бақшасының штаттық саны-79 бірлікті құрайды, жыл сайынғы еңбек демалысына-67 адам, 11 қызметкер декреттік демалысқа жіберілді. Наурыз айының 30 бастап аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің 30.03.2020 ж №201 бұйрығына сәйкес балабақша жұмысы тоқтатылды. Қызметкерлер жалақысы 2018-2020 жылдарға арналған ұжымдық шарт негізінде толық мөлшерде төленді. 2020 жылға 117 715 000 тенге жыл басында қаржы қаралды, шілде айында 6 000 000 тенге үнемделген қаржы есебінде бюджетке қайтарылды. Тамыз айында бөбекжайдың жылу жүйесіне жөндеу жұмыстарын жасауға және қысқы жұмысқа дайындық үшін 4 000 000 тенге жеке кәсіпкер «Аристановқа», медициналық дәрі-дәрмектерге – 150 000 тенге жеке кәсіпкер «Изимоваға», канцелярлық жабдықтар үшін  - 265 000 тенге жеке кәсіпкер «Куспанов», шаруашылық заттары үшін    1 700 000 тенге «Зарина».

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.Ата-аналармен байланыс жақсы жолға қойылған.

Басшымен қызметкерлер арасында келіспеушілік болған жоқ, қызметкер тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде бөбекжайда 1 бірлік меңгеруші, 1 бірлік әдіскер, 1 бірлік хореограф, 3 бірлік музыкант \1 бірлік музыкант жұмыс жасауда, 2 бірлікке сұраныс берілді\, 1 бірлік қазақ тілі маманы, 1 бірлік орыс тілі маманы, 3 бірлік дене шынықтыру нұсқаушысы, 1 бірлік психолог, 27 бірлік тәрбиеші, 1 шаруашылық жөніндегі меңгеруші,  1 қоймашы, 1 ембике, 1 дәмбике, 14 бірлік тәрбиеші көмекшісі,                                     1 бірлік есепші, 0,5 есепші көмекшісі, 3 бірлік кір жуу машиналарының операторлары, 1 бірлік кастельянша, 0,5 сантехник, 1 бірлік электрик, 1 бірлік хатшы, 1 бірлік аула сыпырушы, 1 бас аспаз, 2 аспазшы көмекшісі, 2 бірлік жұмысшы, 4 бірлік жылу қазандығының операторлары, 3 бірлік күзетші болды.

Бөбекжай бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар және қаржылық тіртіпті сақтау, соның ішінде мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуы мен ұйымдастырылуы бағытында заң бұзушылық фактілері болған жоқ.

«Айналайын» бөбекжай-бақшасы МКҚК өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы «Білім туралы»

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 «Еңбек кодексі»; Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413 «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы;

«Айналайын» бөбекжай-бақшасы МКҚК

Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Б.Айтимов көшесі №12 «А» тел: 8(71234) 7-91-11;

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізген бөбекжай меңгерушісі С.Ж.Жанғали

 

2020 жылда «Айналайын» бөбекжай-бақшасы мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорын «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша» талдамалық ақпараты
Дата публикации
19 января 2021