2020 жылғы жағдай бойынша "Райхан" бөбекжайы КМҚК бойынша коорупциялық тәуекелдерге ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық ақпарат

2020 жылда «Райхан» бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу нәтижелері бойынша» талдамалық ақпараты

«Райхан» бөбекжай-бақшасы, Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығына сәйкес, «Райхан» бөбекжай-бақшасында 2020 жылда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі бақылау нәтижелері бойынша ішкі талдау жұмыстары жүргізілді. «Райхан» бөбекжай-бақшасының штаттық саны-53 бірлікті құрайды. Есепті жылда жыл сайынғы еңбек демалысына-50 адам жіберіліп, 10 қызметкер бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалысқа жіберілді. Наурыз айының 30 бастап аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің 30.03.2020 ж №201 бұйрығына сәйкес балабақша жұмысы тоқтатылды. Қызметкерлер жалақысы 2019-2021 жылдарға арналған ұжымдық шарт негізінде толық мөлшерде төленді.

Бөбекжай-бақша меңгерушісінің 2020жылдың 25 қыркүйегіндегі №148 бұйрығымен әдіскер Рахматуллина Жадыра Махсотовна әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі болып тағайындалды.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.Ата-аналармен байланыс жақсы жолға қойылған.

Басшымен қызметкерлер арасында келіспеушілік болған жоқ,  қызметкер тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ.

Бөбекжай бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар және қаржылық тәртіпті сақтау, соның ішінде мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуы мен ұйымдастырылуы бағытында заң бұзушылық фактілері болған жоқ.

«Райхан» бөбекжай-бақшасы КМҚК өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы «Білім туралы»

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 «Еңбек кодексі»;

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413 «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы;

«Райхан» бөбекжай-бақшасы КМҚК

Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Тайсойған көшесі №3 тел: 8(71234) 2-02-70;

                                                                                           Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген «Райхан» бөбекжай-бақша меңгерушісі Э.И.Куанышева

Аналитическая информация по результатам внутреннего анализа коорупционных рисков по ясли- саду «райхан» кгкп по состоянию на 2020 год
Дата публикации
19 января 2021