2020 жыл бойынша «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2020 жыл бойынша «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың   есептік көрсеткіші Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы       8 желтоқсандағы  «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау қағидаларын бекіту туралы» №78 бұйрығына сәйкес жасақталған. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен  бекітілген тізімге сәйкес Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты арқылы жүзеге асырылады.

2020 жылы мемлекеттік мекемеде 3 мемлекеттік қызмет түрі бойынша  мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлық қызмет  қағаз түрінде  ақысыз көрсетілді. Есепті жыл  ішінде қызмет көрсету уақытынан кешіктіру фактісі тіркелген жоқ.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер стандарт пен регламентке  сәйкес  дайындалып қызмет алушыға  уақытылы ұсынылды.

Барынша сұранысқа ие қызметтер: «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»  ауылдық округ бойынша – 70 тұрғын  кезекке қойылды.

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын  өзгертуге шешім беру» -12.

«Мектепке дейінгі балалар ұйымына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» – 156.

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік  қызмет көрсетуші мамандары біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы, мерзімінде өткізіліп отыр.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ғимарат стендтермен жабдықталған. Жыл ішінде көрсетілген  қызметтер сапасына шағымданушылар болған жоқ.

Есепті жылдың ішінде ауылдық округ көлемінде орналасқан мекемелер мен жеке тұлғалардың қатынасумен 13 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.

 

Округ әкімі:                                                                       А.Рамазанов

2020 жыл бойынша «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Дата публикации
18 января 2021