«Дипломмен ауылға» жобасының орындалысы туралы ақпарат

«Дипломмен ауылға» жобасының орындалысы туралы ақпарат

          «Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылға келген жастардың қатары жыл санап артып келеді. Бұл бағдарлама жұмыс іздеген жастарға да, ауылдық жердегі кадр тапшылығын жолға қоюға да тиімді болды.

          Бағдарламаның басты мақсаты - ауылды аймақтарды қажетті әлеуметтік, техникалық мамандармен қамтамасыз ету. Жас мамандарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме  жәрдемақы төленіп, баспана алуына жеңілдетілген несие беріледі.

  Аудан  бойынша 2009 жылдан бастап күні бүгінге дейін ауданның елді мекендеріне келген тапшы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында 204 маман (денсаулық сақтау саласы бойынша  - 63 маман, білім беру саласы бойынша - 132 маман, спорт саласынан 5, мәдениет саласынан 2 және агроөнеркәсіп кешен саласынан - 2 маман) жалпы сомасы 31 млн. 835 мың теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы алса, тұрғын үй сатып алу үшін 133 маман (денсаулық сақтау саласынан 30 маман, білім беру саласынан  92 маман,  спорт саласынан - 5 маман,  мәдениет саласынан - 3 және агроөнеркәсіп кешен саласынан  3 маман) жалпы сомасы  376 млн. 994 мың теңге көлемінде  он  бес жыл мерзімге 0,01% пайыздық мөлшер бойынша бюджеттік несие рәсімделіп, пәтермен қамтамасыз етілді.

  2020 жылдың мамыр айында  "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға  әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Енген өзгерістер аудандық экономика және қаржы бөлімнің «Facebook» әлеуметтік желісіне орналастырылды.

Жаңа қабылданған қағидаға сәйкес бұрын мамндардың құжаттары тікелей жұмысшы орган қабылдап, комиссияға ұсынған болса, 2020 жылдан бастап денсаулық сақтау, білім және спорт, мәдениет, ауыл шаруашылығын басқаратын сала басшыларының хатының негізінде қажетті мамандардың тізбесі қалыптастырылып, аудан әкімдігінің интернет-ресурсына жарияланған болатын.  Қалыптастырылған тізбеге сәйкес жас мамандардың құжаттары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы  коммерциялық  емес  акционерлік қоғамы (Халыққа қызмет көрсету орталығы)  арқылы  қабылданды.

     Есепті жылы  жергілікті бюджет есебінен бөлінген 6 млн. 111 мың 600 теңгеге 22 маман көтерме жәрдемақы, республикалық бюджет есебінен  бөлінген 37 млн. 503 мың теңге қаржыға 9 маманға тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие рәсімделді.

 

Аудандық экономика және

қаржы бөлімінің басшысы:                                                                 Г.Қонасова

«Дипломмен ауылға» жобасының орындалысы туралы ақпарат
Дата публикации
12 января 2021