«Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат
«Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Индер ауданы, Индербор кенті, Қонаев көшесі 14 үй. 8(71234)2-11-92.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөлім өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер қарастырылды.
Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары аппарат қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №43 бұйрығы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, прокурорлық тексерулердің актілері, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.
«Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметшілердің штат саны-8, келісім шарт бойынша-5, теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандар, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар, мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынғандар жоқ.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыру курстарынан уақытылы, мерзімінде өткізіліп отыр.
Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алған жоқ.
Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын басшылыққа ала отырып орындалады. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін мерзімдерін бұзып қарау немесе азаматтарды «әуре-сарсаңға» салу фактілеріне жол берілмейді. Бөлім басшысы бекітілген кестесіне сәйкес тұрақты негізде жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізеді.
Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген.
Бөлімде мемлекеттік қызмет қаржылық жоспар бойынша қыркүйек айынан бастап көрсетілді.
Есепті жылы Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі бойынша барлығы 31 мемлекеттік қызмет көрсетілді, олар:
Бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.
Прокурорлық наразылық келіп түскен жоқ. Мемлекеттік сатып алулар бойынша заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Барлық мемлекеттік сатып алулар www.goszakup.gov.kz порталы арқылы жасалды. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.
Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы аппарат қызметкерлері арасында онлайн режимінде 2 рет жиналыс өткізілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына енген өзгерістер бөлімнің әлеуметтік желісіне және алдағы кезеңге денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін аудан әкімдігінің интернет-ресурс сайтына орналастырылды және аудандық «Дендер» газетіне хабарландыру жарияланды. Мекеменің көрнекі жеріне арыз-шағымдар жәшігі қойылып, 2-11-92 сенім телефоны орнатылды.
Есептік кезеңде Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.
«Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы: Г.Қонасова