Индер аудандық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша өзін-өзі ұсыну және кандидаттарды тіркеу үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Осы сайлау округі бойынша кандидат ретінде сайлауға түсу ниеті туралы өтініш;

2)  кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

3)  жеке куәлігінің көшірмесі;

4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы  мемлекеттік кірістер органының анықтамасы (ұсыну мерзімі басталатын  айдың бірінші күніне — 2026 жылғы 1 қазанға);

5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат  (белгіленген ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде — 85 000 × 5 = 425 000 теңге);

6) өлшемі 3×4 см фотосурет — 1 дана және өлшемі 9×15 см фотосурет - электрондық форматта.

 

Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның  Конституциямен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылытын  талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.

Енгізілген  жарна, егер  сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде 5% жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.

Дата публикации
17 октября 2026