ХАБАРЛАНДРУ
Тұрақты автобус маршрутын тасымалдаушыларды анықтау жөніндегі конкурсты өтпеді деп тану туралы
Индер ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген «Республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда автомобильмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» заңдылыққа сәйкес, келесіні хабарлайды:
2026 жылғы «11» қыркүйекте жарияланған Индербор кентішілік №1 лот тұрақты бағыты бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау құқығына ашық конкурсқа қатысуға бірде-бір өтiнiм түспеуiне байланысты аталған конкурс өтпедi деп танылды.
Қағиданың талаптарына сәйкес, аталған маршрут бойынша қайта конкурс жарияланатын болады. Конкурс өткізу мерзімі мен шарттары қосымша БАҚ пен ресми интернет-ресурста жарияланады.
Анықтама телефоны: +7 (775) 325 64 37