2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Индер ауданы Индербор кенті және Өрлік ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс – шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Индер  аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының  

2026 жылғы 19 тамыздағы

№ 3  қаулысына қосымша

 

2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған

Индер ауданы Индербор кенті және Өрлік ауылдық округі әкімдерінің сайлауын

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс – шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

1. Индер ауданы бойынша Индербор кенті және Өрлік ауылдық округі әкімдерінің (бұдан әрі – әкімді) сайлауын тағайындау 

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы:

Әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын;

Әкімнің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде

2026 жылғы 19 тамызда

                                                                     (113-1-б. 1-т. 1),2) тт., 2-т, 3-т.)

 

2. Сайлау округінің тізімін, олардың шекарасы орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен

2026 жылғы 29 тамыздан кешіктірмей

                                                                                                       (22-б.2-т.) 

                                                                             

3. Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен

2026 жылғы  29 тамыздан кешіктірмей

                                                                                                      (13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен

2026 жылғы 3 қыркүйектен кешіктірмей

                                                                                                      (17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскесінің шекарасы туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Индер ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн

2026 жылғы 3 қыркүйекке дейінгі мерзімде

 (23-б. 5-т.)

6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні 2026 жылғы 20 тамыздан басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда 2026 жылдың 1 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

                                                                                                  (113-3-б. 5-т.)

 

 

 

7. Әкім болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – «Сайлау туралы» Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(4-б.,113-5-б., 11-т. 2)-тт.)

 

8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Әкім болуға кандидаттардың «Сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1 тт., 31-б.)

 

9. Әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттарды қолдап қол жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады және кандидаттардың осы «Сайлау туралы»  Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде

                                                                                                         (113-4-б.)

 

10. Әкім болуға кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып, қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкім болуға кандидаттар, саяси партиялар

(әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

                                                                                                  (113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

                                                                                                  (113-5-б. 3-т.)

 

 

 

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 4-т.)

 

 

14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын 2026 жылғы 6 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

                                                                                                (113-5-б. 14-т.)

 

15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Индер ауданының әкімдігі және Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

                                                                                                       (28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 2026 жылғы 6 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша 18:01 де басталып, 26 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 

                                                                                                       (27-б. 2-т.)

 

18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен Индер ауданының әкімдігімен бірлесіп

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                                                       (28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскелері бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну                                                 

 

 Индер ауданының әкімі

2026 жылғы 6 қыркүйек дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

                                                                                                      (24-б. 5-т.)

 

 

 

 

 

 

 

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

2026 жылғы 12 қыркүйек дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

(26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен 2026 жылғы                        17 қыркүйектен кешіктірмей

                                                                                   (18-б. 5) тт., 38-б. 2-т.)

 

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2026 жылғы 24 қыркүйектен ерте емес және 26 қыркүйектен кеш емес

(37-б. 3-т.)

 

          23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2026 жылғы                 27 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

                                                                                                       (40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

2026 жылғы 27 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

                                                                                                      (38-б. 1-т.)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

2026 жылғы 27 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

                                                                                            (18-б. 8 т., 43-б.)

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесінің                    үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                                                      (43-б. 8-т.)

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жеткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(113-8-б. 1-т.)

 

 

 

 

 

28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу

 

Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен 2026 жылғы 30 қыркүйектен кешіктірмей

(113-10-б.)

 

29. Әкім сайлауының қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

2026 жылғы 3 қазанға дейін сайлау өткізілген күннен бастап жеті  күннен кешіктірмей

                                                                                             (44-б. 4-т. 3) тт)

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Индер  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап 2026 жылғы 3 қазанға дейін жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден 2026 жылғы 3 қазанға дейін жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкімнің мәртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін                                                            

 (45-б., 46-б. 3-т, 2) тт., 113-11-б. 1-т)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

Дата публикации
19 августа 2026