Индер ауданы Индербор кенті және Өрлік ауылдық округі әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы

Атырау облысы Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Индер ауданы Индербор кенті

және Өрлік ауылдық округі

әкімдерінің сайлауы бойынша

сайлау округтерін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына,    21-бабының 3 тармағына, 22-бабының 2 тармағына сәйкес Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Индер ауданы Индербор кенті және Өрлік ауылдық округі әкімдерінің сайлауы бойынша:

   -Индербор кенті шекарасында Индербор кентінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі;

   -Өрлік ауылдық округі шекарасында Өрлік ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын.

  1. Сайлау округтерінің тізімі мен олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Индер аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

                                              

Төраға

       Б.Сапаров

 

Хатшы

       Р.Батыров

 

 

 

Индербор кенті

19.08.2026ж.

№2

Дата публикации
19 августа 2026