Талданатын объект: «Индер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме), Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Н.Меңдіғалиев көшесі, №30/8 үй.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, бөлім басшысның 2026 жылғы 1 шілдедегі №52 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:
1) Жанатұлы Айымбек - бөлім басшысының м.а, топ жетекшісі;
2) Саламатов Нұркен - бөлімінің инспекторы, топ мүшесі;
Саламатұлы
3) Бисенбаева Жансая - бөлімнің есепшісі, топ мүшесі;
Куанышкызы
4) Бақбергенов Наурызбек - бөлімнің іс жүргізу бойынша инспекторы, топ мүшесі;
Бақбергенұлы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі:
1 шілде – 9 шілде 2026 жыл.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мекеменің 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы мен 2026 жылдың екінші жартыжылдығы мерзіміндегі қызметін қамтиды және келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) мекеменің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 5-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.
Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға тікелей жағдай туғызатын елеулі тәуекелдер анықталған жоқ. Сонымен қатар, тәуекелдердің алдын алу мақсатында келесі бағыттар бойынша бақылауды күшейту ұсынылады:
Қорытынды:
Ішкі талдау нәтижелері бойынша аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоғары деңгейі анықталған жоқ. Алайда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тәуекелдерді барынша төмендету мақсатында профилактикалық жұмыстарды тұрақты негізде жүргізу қажет.