Аудандық бөлім аудан көлеміндегі әлеуметтік қолдау мен отбасылық саясатты іске асыратын мемлекеттік орган. Бөлім тарапынан күні бүгінге 15 мемлекеттік қызмет көрсетіліп отыр. Атап айтқанда:
- мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
- жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;
- мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;
- мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;
- жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;
- есту кемістігі бар мүгедектерді ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу;
- мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;
- мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеуден қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;
- үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу;
- медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу;
- санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру;
- әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;
Бөлім тарапынан бұл мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты маман Э.Саркенова.
Бөлім тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты маман С.Есекенова.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толық мәлімет пен кеңесті Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алуға болады.
Мекен-жайы: Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Қонаев к-сі, 16 ғимарат. тел.: 871234 20476;