2026 жылғы І жартыжылдықта есепті кездесуде тұрғындардан түскен ұсыныс-пікірлердің ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

Р/с

Сұрақ қоюшы

Мәселенің қысқаша мазмұны

Жауаптылар

Мерзімі

Индербор кенті

1.

Жаңылдық Елубаева

Индербор кентінің тұрғыны

Т.Мұсабаев көшесіндегі балалар ойын алаңындағы бүлінген ойын құрылғыларын қалпына келтіру немесе ауыстыру

Аудан әкімінің орынбасары,

Индербор кенті әкімі

Шілде,

 2026 жыл

2.

Қуат Жанесеев

Елтай ауылының тұрғыны

Қонаев көшесі №17, №19 және Майдыров көшесі №1, №1А көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы балалар ойын алаңынан әткеншектің жоғалу мәселесі

Аудан әкімінің орынбасары,

Индербор кенті әкімі

Аудандық Полиция бөлімі

Шілде,

2026 жыл

Аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау мақсатында Индербор кентінде салынып жатқан ангар типтес күрес залынан арнайы жаттығу алаңын орналастыру мәселесі

Аудан әкімінің орынбасары,

Аудан әкімінің кеңесшісі

Аудандық құрылыс бөлімі

Шілде,

2026 жыл

3

Байжан Шыңғазиев

Бөдене ауылының тұрғыны

«Алғабас» каналы бойындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына зерделеу

Аудан әкімінің орынбасары,

Аудандық жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі

Тамыз,

2026 жыл

4

Талапқали Идекешов

Индербор кентінің тұрғыны

Аудан аумағындағы иесіз және қараусыз қалған ғимараттарға түгендеу жұмыстарын жүргізіп, тізімін шығарып, меншік иелерін анықтау

Аудан әкімінің орынбасары,

Индербор кенті әкімі

Шілде,

2026 жыл

Жарсуат ауылы

1.        

Байғали Өтеманов

Жарсуат ауылының тұрғыны

«Құрайлы-Сай» каналы бойындағы «Жиделі», «Көбей» жер атаулары маңынан, каналдан шығарылған ескі темір-бетон сақиналарды (кольцо) көпір салу жұмыстарына пайдалану мүмкіндігі мен қажеттілігін зерделеу

Аудан әкімінің орынбасары,

«Табиғат» РМК ШЖҚ Индер аудандық бөлімшесі

Округ әкімі

Маусым,

 2026 жыл

2.        

Айзада Өтенова

Қызылжар ауылының тұрғыны

Қызылжар елді мекеніндегі ұялы байланыс желісінің тұрақты жұмыс істемеуіне байланысты, тиісті жұмыстар ұйымдастыру

Аудан әкімінің орынбасары,

«Қазақтелеком» АҚ Индер аудандық бөлімшесі

Округ әкімі

Жыл соңына дейін

3.        

Бекет Қуатов

Жарсуат ауылының тұрғыны

Жарсуат ауылындағы ардагерлер ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігін зерделеу  ұсыныс әзірлеу

Аудан әкімінің орынбасары,

Округ әкімі

Маусым,

 2026 жыл

Бөдене ауылы

1.        

Шахмет Тілекқабылов

Бөдене ауылының тұрғыны

Ауыл маңындағы егістік алқаптарында ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізетін шаруашылықтардың егін егу барысында пайдаланатын полиэтилен жабындарын (целлофан) және өзге де қалдықтарды жұмыстар аяқталғаннан кейін толық жинау 

Аудан әкімінің орынбасары,

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі

Аудандық жер қатынастар, сәулет және қалақұрылысы бөлімі

Округ әкімі

Қазан-қараша, 2026 жыл

2.        

Атанияз Хихимов

Бөдене ауылының тұрғыны

Бөдене ауылындағы асфальт төсеу жұмыстарымен қамтылмаған көшелерге қосымша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу

Аудан әкімінің орынбасары,

Аудандық ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімі

Округ әкімі

Қыркүйек,

2026 жыл

3.        

Әлден Мусағалиев

Бөдене ауылының тұрғыны

Ауданда бұқаралық спортты кеңінен насихаттау мақсатында жеңіл атлетика спорт түрін дамытуға бағытталған іс-шара жоспарын әзірлеу

Аудан әкімінің орынбасары,

Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі

 

Қыркүйек,

2026 жыл

Есбол ауылы

1.        

Қайырғали Жұмақұлов - ауыл тұрғыны

Есбол ауылындағы ақылы қоғамдық қызметкерлердің санын көбейту мәселесі

Аудан әкімінің орынбасары,

Округ әкімі

Қыркүйек,

2026 жыл

Елтай ауылы

1.        

Шалқар Уалиев  - ауыл тұрғыны

Аудандық ауруханада орналасқан көзді диагностикалауға арналған медициналық аппаратты жөндеп, қайта іске қоссын

Аудан әкімінің орынбасары,

Аудандық аурухана

Жыл соңына дейін

2.        

Қуат Жанесеев - ауыл тұрғыны

Елтай ауылындағы жаңадан салынып жатырған саябаққа әжетхананың қажеттілігі бойынша қоғамдастық жиының күн тәртібіде қарау

Аудан әкімінің орынбасарлары,

Елтай ауылдық округінің әкімі

Тамыз,

2026 жыл

3.        

Нұрлыбай Далабаев – зейнеткер

Елтай ауылындағы спорт кешенінің алдында орналасқан дренаждың тиімділігін зерделеу мәселесі

Аудан әкімінің орынбасарлары,

Елтай ауылдық округінің әкімі

Тамыз,

2026 жыл

4.        

С.Сидықов – зейнеткер

Елтай ауылының маңындағы зиратты қоршау үшін есебін шығарып, зиратқа дейін ескі асфальт қалдығын төсеу мүмкіндігін қарасын

Аудан әкімінің орынбасарлары,

Аудандық ТҮКШ, ЖК, АЖ, ТҮИ бөлімі,

Елтай ауылдық округінің әкімі

Тамыз,

2026 жыл

5.        

Электр энергиясының тарифы және тарифқа қатысты жеңілдіктері бойынша аудандағы барлық елді-мекендердің тұрғындарына түсінік беру үшін жиындар өткізу

Аудан әкімінің орынбасарлары,

«Атырау Жарық» ЖШС Индер АЭЖ бастығы,

Елтай ауылдық округінің әкімі

Тамыз,

2026 жыл

6.        

Фарида Темірболатов – зейнеткер

Елді мекендердің санитарлық тазалығы мен эпизоотиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл аумағында мал өлекселерінің бей-берекет жатуына жол бермеу

Аудан әкімінің орынбасарлары,

Ауылдық округтердің әкімдері

Үнемі

Өрлік ауылы

1.        

Мұрат Ілияс – аудандық мәслихат депутаты, ауыл тұрғыны

Өрлік ауылына кіреберіс жолды жарықтандыру

Аудан әкімінің орынбасары,

Округ әкімі

 

Жыл соңына дейін

2.        

Сәулен Нұғманов  - ауыл тұрғыны 

Өрлік ауылының дамуына үлес қосқан азаматтар Сағидолла Құбашев, Тастан Шманов, Ізбасқан Бисенғалиев, Сақан Дәулетқалиевтің құрметіне аудан көлемінде іс-шара ұйымдастырып, атап өту мәселесі

Аудан әкімінің орынбасарлары,

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

2027 жылдың соңына дейін

2026 жылғы І жартыжылдықта есепті кездесуде тұрғындардан түскен ұсыныс-пікірлердің ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ
Дата публикации
02 июля 2026