15 маусым 2026 жыл Индербор кенті
Талданатын объект: «Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ (бұдан әрі – мекеме) Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, №30-12
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары мекеме басшысының «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі:
25 мамыр - 15 маусым 2026 жыл
Талданатын кезең: 2026 жылдың 01 қаңтарынан бастап 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 5-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.
І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында мекеменің ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
ІІ. Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында мекеменің ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
ІІІ. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мекеменің мемлекеттік қызметшілер саны – 3, келісім шарт негізінде – 2 қызметші және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен 2 қызметші жұмыс жасайды.
2026 жылдың 30 сәуір жағдайы бойынша бос вакансия жоқ.
Ауысу тәртібімен орналасу Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген ережесіне сәйкес жүргізілді.
Мекеменің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.
Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2025 жылға арналған мемлекеттік кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылған.
Мекеменің барлық қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасында тексеріліп, талдау кезеңінде басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ.
IV.Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Мекеме мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Алайда «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіндегі ЗТ-2026-00125879, ЖТ-2026-00497496, ЖТ-2026-00909148 санды өтініштерде ӘРПК – ның талаптары сақталмай орындалғаны анықталды. Нәтижесінде бөлімнің бас маманы Зейнеденова аружан Жайнаққызына 2026 жылдың 08 сәуірінде «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылып, бөлім басшысының №22 бұйрығымен шығарылды.
VІ. Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ережеге сәйкес Мекемеде рұқсат беру функциялары жоқ.
VІІ. Бақылау функияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында Мекемеде бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
VІІІ. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекедерін анықтау.
Талданып отырған кезеңде мекемеге жеке және заңды тұлғалардан 2026 жылдың 01 қаңтарынан бастап 2026 жылдың 30 сәуіріне дейінгі аралықта барлығы - 16 өтініш келіп түскен.
Жеке тұлғалардан – 15, заңды тұлғалардан – 1 өтініш келіп түскен.
ІХ.Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мекеменің 2026 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес, 35 млн 820 мың қаражат бөлінген, 2026 жылдың 4 айы (қаңтар-сәуір айлары аралығы) жағдайға игерілген сомасы – 19 млн 009 мың.
Х. Жасырын қызметті анықтау.
Талдау жүргізу барысында Мекемеде жасырын қызметті анықтауға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Жұмыс тобы мүшелері:
1) Үсенқызы Ардақ __________
2) Зейнеденова Аружан Жайнаққызы __________
3) Оразғалиева Асыл Тілекқабылқызы __________
4) Тулеуғалиев Данияр Шадиярұлы __________