Индербор кенті 19 маусым 2026 жыл
Талданатын объект: «Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме), Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Нығмет Меңдіғалиев көшесі, № 30/7.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 2-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары мекеме басшысының «Жұмысшы тобын құру туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама келесі құрамдағы жұмыс тобымен құралды:
1) Ілиясов Дарын Ілиясұлы - бөлім басшысы, жұмыс тобының төрағасы;
2) Көбенғалиева Ақбота Ғабиденқызы - бөлімнің бас маманы;
3) Серікқызы Арайлым - бөлімнің инспектор маманы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі:
15 маусым – 25 маусым 2026 жыл.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабы 5-тармағы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілді.
І. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында мекеменің қолданыстағы құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Талдау жүргізу барысында мекеменің ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
III. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мекеменің мемлекеттік қызметшілер саны – 4, нақты саны - 4.
2026 жылдың 1 маусым жағдайы бойынша бос вакансия бар.
Ауысу тәртібімен орналасу Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген ережесіне сәйкес жүргізілді.
Мекеменің мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.
Барлық мемлекеттік қызметшілердің 2024 жылға арналған кірістері мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылған.
Мекеменің барлық қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық қызмет» мәліметтер базасында тексеріліп, талдау кезеңінде басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы туралы мәліметтер анықталған жоқ.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Мекеме мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ережеге сәйкес Мекемеде рұқсат беру функциялары бар.
VII. Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу барысында Мекемеде бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
VIII. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талданып отырған кезеңде мекемеге жеке және заңды тұлғалардан 2025 жылғы 31 мамыр – 2026 жылғы 31 мамыр аралығында, барлығы 1 жылда өтініш келіп түскен жоқ.
Мекеменің 2025 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес, 3 101 673,0 мың теңге қаражат бөлінген, 31.12.2025 ж. жағдайға игерілген сомасы- 3 082 397,0 мың теңге. 2026 жылға арналған қаржылық жоспарына сәйкес, 4 379 208,0 мың теңге қаражат бөлінген, 31.05.2026 ж. жағдайға игерілген сомасы – 1 971 704,0 мың теңге.
Ұсыным:
Талдау жүргізу барысында Мекемеде жасырын қызметті анықтауға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау барысында нормативтік-құқықтық актілерде, қаржы-шаруашылық қызметте және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Жұмыс тобы мүшелері:
1) Ілиясов Дарын Ілиясұлы________бөлім басшысы, жұмыс тобының төрағасы;
2) Көбенғалиева Ақбота Ғабиденқызы_________бөлімнің бас маманы;
3) Серікқызы Арайлым _________бөлімнің инспектор маманы.