«Индер аудандық құрылыс бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
Егер «Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Бюджеттен қаржыландыратын, аудан көлемінде жүргізілетін құрылыс жұмыстары бойынша жұмыс қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, жұмыстың сапалы жүргізілуін қадағалау.
1) тұрғын үй құрылысы бойынша бюджеттік бағдарламаларға сәйкес аудан, кент және ауылдық округтер көлеміндегі нысандарды жобалау, салу, реконструкциялау бойынша жылдық перспективтік бағдарламаларды әзірлеу;
2) нысандарды жобалау, салу, реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
3) бекітілген бюджеттік мақсаттарға сәйкес азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын көзделген өзге де міндеттер.
1) құрылыс және қайта жаңғырту нысандары бойынша техникалық тапсырмалар жинағымен қамтамасыз етеді, мердігерлер мен келісім-шартқа отырып, оның мерзімінде орындалуын бақылайды;
2) жаңа нысандардың құрылысы мен бұрынғы нысандардың жұмыстарына тапсырысшы бола алады;
3) жергілікті бюджеттен және демеушілік көмектен берілген жұмыс көлемінің орындалуын талдайды, №2 «Жүргізілген құрылыстың аралық орындалысы жөнінде» және №3 «Жүргізілген құрылыстардың толық орындалысы жөнінде» формалар мен көлемдерді тексеріп, бұрыштама соғады;
4) аудан, облыс әкімдігінде жасалған бағдарламаларды жүзеге асыруда аудан әкімі аппаратының бөлімдермен өзара байланыста әрекет ете отырып, өз жұмысының бағдарын анықтайды;
5) аудан көлеміндегі құрылыс объектілерінде тиісті бақылаушы мекемелермен бірлесіп инженерлік-құрылыс нормативтерімен тәртіптерінің және құрылыс сапасының сақталуын қамтамасыз ету;
6) жалпы салалық және табиғатты қорғауға арналған, канализация су құбырлары шаруашылығы, жылу, электр, газбен жабдықтау объектілерін жобалауда, қаржыландыру мен құрылысын жүргізуде тиімді инвестициялық саясат жүргізу ;
7) жеке азаматтар мен заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастырады және соған қатысады;
8) аудандық әкімдік отырыстарында қаралатын мәліметтерді дайындайды, мәліметтерді жинап анализ жасайды;
9) аудан әкімінің өкімдерімен, шешімдерінің және аудан әкімдігінің қаулыларының жобаларын дайындайды;
10) құрылыс жобаларына ведомостводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған бірыңғай портал арқылы, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жұмыс жасау;
1) өндірістік құрылыс-монтаждау жұмыстарына техникалық бақылауды жүзеге асырады, құрылыс нормасы мен ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда, құрылыстың жүру барысына жұмысты тоқтатуға дейін нұсқаулар мен ескертулер береді.
1) бөлімге бөлінген қаржы мен заттарды пайдалану және басқару құқығын иеленеді және бөлім қаражатын өз мақсатында пайдалануына бақылау жасайды, қаржылық құжаттар мен шығын сметаларына қол қояды;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;;
3) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет ете алады;
4) заңды тұлға ретінде мемлекеттік органдарда, сотта бөлімнің мүддесін қорғайды және сотта талапкер бола алады;
5) шарттар жасасады;
6) сенімхаттар береді;
7) банк шоттарын ашады;
8) бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) бөлім қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
10) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін белгілейді;
11) аудан әкімдігі мен тиісті облыстық басқарма алдында бекітілген бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру жөнінде өз жұмысынан есеп береді;
12) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттарына қол қояды;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады;
Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды;
«Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.