«Индер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Индер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-бөлім) денешынықтыру және спорт салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысынын бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 060200, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі 30.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекетік тілінде - «Индер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде - государственное учреждение «Индерский районный отдел физической культуры и спорта».

  1. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. Бөлім қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттык Банкі бюджетінен (смета шығындары) жүзеге асырылады.
  3. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер бөлімнің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін кызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай кызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) аудан аумағында дене шынықтыру және спорт салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) дене шынықтыру және спорт саласының жұмысын жоспарлау, іс - шаралардың перспективалық жоспарларын, кешенді мақсат бағдарламаларын жасақтау;

3) қазақтың ұлттық спорт түрлерінің өркендеуі, сақталуы, оның дамуы мен таралуын жүргізу;

4) спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуды қамтамасыз ету;

5) спорт мекемелерінің негізгі қызметін үйлестіруге, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына, материалдық - техникалық қажеттіліктерді сатып алуға, құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаралған қаражаттың жұмсалуын үйлестіру;

6) дене шынықтыру және спорт салалары бойынша көпшілік шаралардың (марафондар, бәйге түрлерінен жарыстар, спартакиадалар, әртүрлі спорт түрлерінен аудан, округ бірінішіліктері, ардагерлер арасындағы жарыстар) ұйымдастырылып өткізілуіне бақылау жасау;

7) бөлімнің ведомстволық қарамағындағы мекеме, кәсіпорындардың халыққа сапалы және уақытылы жаппай түрлі нысандағы қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіру;

8) бөлім құзырына қатысты мәселелері бойынша аудан әкімінің шешім, өкім, қаулыларының және аумақтық бағдарламалардың дайындалуына қатысу;

9) бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдары мен құжаттар дайындау;

10) дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзірлейді және іске асырады;

11) спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық, республикалық деңгейде жарыстар өткізеді;

12) спорттың әр түрлері бойынша аудандық құрама командыларды таңдауды және олардың облыстық және Республикалық спорт жарыстарында өнер көрсетуін камтамасыз етеді;

13) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытады;

14) аудандық мамандырылған оқу-спорт мекемелерінің қызметін үйлестіреді;

15) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды береді: жасөспірімдер арасындағы екінші және үшінші разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, спорт төрешісі;

16) аудандық спорттық бұқаралық іс шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлейді, бекітеді және іске асырады;

17) тиісті әкімшілік аумақтық бірлік бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәліметтерді, соның ішінде статистикалық деректерді талдап, облыстық атқарушы органға табыс етеді;

18) мүгедектердің бірлестіктерімен бірлесе отырып, мүгедектер арасында спорт түрлері бойынша ауданның құрама командаларын облыстық жарыстарға дайындалуы мен қатысуын ұйымдастырады.

  1. Бөлім өзінің негізгі міндеттері мен қызметін іске асыру үшін заңнамаларда белгіленген тәртіп бойынша мыналарға құқылы:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын аудан әкімі мен әкімдіктің нормативтік- құқықтық актілерін орындау негізінде бұйрықтар, нұсқаулар және басқа да актілер шығаруға;

2) Заңнамалар белгіленген тәртіппен, бөлімнің құзырына жататын азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау, олардың хаттары мен арыз- шағымдарын қарауды ұйымдастырады;

3) Заңнамаларда белгіленген тәртіп бойынша басқа да мекеме, бөлім ұйымдарымен ақпараттық қарым қатынас жасап отыруға;

4) Заңнамаларда белгіленген тәртіп бойынша бөлім қызметкерлерін және мен кәсіпорындар бөлімнің ведомстволық қарамағындағы мекемелер басшыларын қызметке тағайындайды және босатады;

5) Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін, бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер бойынша семинар, кеңес, конференция, форум, спорттық көпшілік шараларды өткізуге және түрлі мекеме, органдар қоғамдық бірлестіктердің осындай шараларға қатысуын ұйымдастыруға;

6) Заңнамаларда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімге басшылықты бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. Бөлімнің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және кызметтен босатады.
  3. «Индер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындап белгілейді;

2) бөлім қызметкелерін қызметке тағайындайды немесе босатады, тәртіптік шара қолданады;

3) өз құзыры шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

4) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес барлық органдар мен ұжымдар бөлімнің өкілетті өкілі болады;

5) бекітілген қызметкерлер саны мен еңбекақы қорына карай жұмсалатын шығындар лимиті бөлім аппаратының шығындар сметасы мен штаттық кестесін бекітеді;

6) өз құзырына қатысты басқа да мәселелер бойынша шешімдер кабылдайды;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды өз құзыреті шеңберінде қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралардың кабылдауына жеке жауапкершілік алады.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін колданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Индер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының колданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
  2. Бөлімге бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншікке жатады.
  3. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және каржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Индер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Индер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
14 мая 2026