Сауда үстеме бағасы деген не?

 

- Қазақстанда дүкендер тауар бағасын өздері белгілейді. Бірақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ), мысалы: нан, сүт, жарма сияқты өнімдерге арнайы шектеулер бар.

Негізгі талаптар:

  • Сауда үстемесі жеткізуші немесе өндіруші бағасынан 15%-дан аспауы тиіс
  • Егер бір тауар бірнеше жеткізушіден келсе — үстеме ең төменгі бағаға есептеледі
  • Егер келісімшартта бұл талап көрсетілмесе — ол жарамсыз деп танылады

Бұл шаралар бағаның шамадан тыс өсуіне жол бермей, халыққа қолжетімділікті сақтауға бағытталған.

ӘМАТ тізімі ресми түрде бекітілген және ашық қолжетімді.

Мысал: Дүкен сүтті жеткізушіден 200 теңгеге сатып алды. Заң бойынша, ол ең көбі 15% қосып сата алады.

Яғни: 200 + 30 = 230 теңге.

Егер дүкен 260 теңгеге сатса — бұл заң бұзушылық болады.

Дата публикации
27 апреля 2026