
Габбасов Шапағат Ахметхамбарұлы 1985 жылы 05 сәуірде Атырау облысы, Индер ауданы, Көктоғай ауылында дүниеге келген.
Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
2006 жылы – Мемлекеттік Атырау мұнай және газ институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007-2010 жылдары – «Қазақстанның халық банкі» АҚ менеджерінен бастаған.
2011-2013 жылдары – «Каспиан Марин Сервисес» ЖШС және «Стам Газ Строй» ЖШС стропальщик;
2014-2018 жылдары – Көктоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
2018-2023 жылдары – Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде сектор меңгеруші, бас маман;
2023 жылдың наурыз-шілде айлары аралығында Индербор кенті әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
2023 жылдың шілдесінен бастап Индер ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметін атқарады