
Сахипов Бақытжан Сансызбайұлы 1988 жылғы 08 наурызда Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде дүниеге келген.
Ұлты қазақ.
Білімі-жоғары
2012 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.
Отбасылы.
Еңбек жолын 2007 жылы «Индергаз» ЖШС мекемесінде есепшінің көмекшісі қызметінен бастаған.
2010-2013 жылдары Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінде бас есепші;
2013-2014 жылдары Индер аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде экономист;
2014-2015 жылдары Индер ауданының жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің директоры;
2015-2019 жылдары Индер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы;
2019-2024 жылдары Индер аудандық құрылыс бөлімінде сектор меңгерушісі;
2025 жылдың қаңтар айынан бастап Индер ауданы әкімінің кеңесшісі қызметін атқаруда