GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
08 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР

🌱 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР

2026 жылы жалпы қуаты 170 МВт болатын жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) объектілерін салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу жоспарлануда.

🔹 Күн электр станциялары
🔹 Биогаз электр станциялары
🔹 Гидроэлектр станциялары

Инвесторларға мемлекеттік қолдау тетіктері және ұзақ мерзімді РРА шарттары бойынша электр энергиясын кепілді сатып алу мүмкіндігі ұсынылады.

📩 Қазақстандық және шетелдік инвесторларды аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақырамыз.

📅 Аукцион күндері:

☀️ КЭС — 25 қыркүйек 2026 жыл
💧 ГЭС — 25 қараша 2026 жыл
♻️ БиоЭС — 26 қараша 2026 жыл

📞 +7 701 525 10 25
📞 +7 771 471 78 09
✉️ kuanysheva@korem.kz

20 апреля 2026
Атырау облысытық маслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №216-VII шешімі Атырау облысы аумағында ауыз сумен жабдықтау қызметтері бойынша халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілді.

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі Су Кодексінің 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 22.08.2025 жылғы №306 бұйрығына, Атырау облыс әкімдігінің 2025 жылғы 6 қарашадағы «Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» №246 Қаулысына сәйкес, Атырау облысытық маслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №216-VII шешімі Атырау облысы аумағында ауыз сумен жабдықтау қызметтері бойынша халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілді.
​ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 22.08.2025 жылғы №306 бұйрығының «Төлемақы мөлшерін бекіту әдістемесі» 9 тармағына сәйкес, Төлемақы мөлшерін республика бойынша орташа тарифпен облыс бойынша орташа тарифтін аралығында мөлшерде белгілеуге жол беріледі делінген.
​Осыған орай, аталған есептеу әдістемесіне сәйкес республика бойынша орташа тариф - 109,57 теңге (ҚҚС-мен), облыс бойынша орташа тариф 283,77 теңге (ҚҚС-мен) екенін ескере отырып, Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және сумен жабдықтау қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында осы орайда Атырау облысы бойынша ең төмеңгі мөлшерді қолдана отырып халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 110 теңге, ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – 130 тенге көлемінде төлемақы мөлшері бекітілді.

20 мая 2025
Томан ауылының 150-ге жуық тұрғыны тұрақты электр энергиясымен қамтылды

Атырау облысы, Исатай ауданына қарасты Томан ауылында электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары сәтті аяқталып, 150-ге жуық тұрғын тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етілді,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жобаға сәйкес Х. Ерғалиев ауылындағы №83 «Новобогат» 110/10 кВт қосалқы стансасынан 30 шақырымдық электр желісі тартылды.

- Жаңғырту жұмыстары барысында қосалқы стансаға қуаты 6300 кВА болатын трансформатор және қос жаңа ұяшық орнатылып, заманауи электр жабдықтары орналастырылды. Бұл инфрақұрылымдық жоба ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, тұрмыстық және шаруашылық қажеттіліктерін тұрақты әрі қауіпсіз электр қуатымен қамтамасыз етуге жол ашты,- деді Атырау Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының баспасөз хатшысы Амангүл Айтбай.

Жобаның бас мердігері – «Айком Ltd» ЖШС. Басқарма өкілдерінің сөзінше, компания барлық жұмысты белгіленген мерзімде, сапа талаптарына сай орындады.

15 мая 2025
Атырауда 46 шақырымдық жаңа газ құбыры салынуда

Атырау қаласы мен облыс тұрғындарын тұрақты әрі үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз ету, сондай-ақ газ тарату жүйесінің сенімділігі мен өткізу қабілетін арттыру мақсатында «Финская-120 АГТС» және «Редут - Финская-120 АГТС» магистральдық газ құбыры тармағын салу» жобасы жүзеге асырылуда,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салынатын газ құбырларының жалпы ұзындығы — 46 шақырым. Соның ішінде қазіргі уақытта ұзындығы 25 шақырым болатын ПЭ Ду500 мм және 14 шақырым құрайтын Ду426 мм болат құбырлары төселіп, жер қазу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

— Еркінқала аумағында тәулігіне 70 мың текше метр газ өткізуге қабілетті газ реттегіш блок пункті орнатылды. Жоба аясында Атырау қаласының оң жағалауында орналасқан Еркінқала, Ракуша, Балауса, Жұмыскер, Өркен, Сарықамыс, Рембаза, Авангард, Алмалы, Береке, Нұрсая, Самал, Жеті Қазына, Жерұйық, Атырау ықшамаудандары мен өндірістік және әлеуметтік бірқатар нысан тұрақты түрде табиғи газбен қамтылатын болады. Нысанды жылу беру маусымына дейін толық аяқтау үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деді Инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінің бас маманы Қуаныш Есекенов.

Одан бөлек тәулігіне 120 мың текше метр қуаттылықты қамтитын автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГТС) орнатылмақ. Жобаны іске асыру мерзімі – 16 ай. Құрылыс жұмыстарын осы жылдың күзінде аяқтау жоспарланып отыр.

12 мая 2025
Атырау облысында жалпы ұзындығы 140 шақырымды құрайтын жазғы су желілері жаңартылады

Былтыр тамыз айынан бастап Исатай ауданының үш ауылында жалпы ұзындығы 140 шақырым болатын жазғы су желілерінің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы басқармасының бөлім басшысы Асан Нұрғалиев мәлім етті .

Атап айтсақ, Тұщықұдықта 50,5 км, Ерғалиевте 39,5 км және Жанбай ауылында 50 шақырым қамтылмақ. Құрылыс жұмыстарын биыл аяқтау жоспарланған.

- Сонымен қатар жазғы су құбыры желілері Махамбет ауданының Еңбекшіл (9,2 км), Жалғансай (16 км), Қызылқоға ауданының Миялы (14,1 км) ауылдарында да жаңғыртылып жатыр. Махамбет ауданындағы Талдыкөл 12,2 км, Сарытоғай 7,7 км, «Жаңа ауыл» және «Шаттық» ықшамаудандарында 6,4 км жазғы су жүйесін қайта жаңғырту мақсатында жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, құрылыс жұмыстары 2025-2026 жылдары басталмақ, - деді А.Нұрғалиев.

08 мая 2025
Облыстың 16 елді мекенінде су тазарту станциясын жаңғырту жоспарланып отыр

Былтыр Махамбет ауданына қарасты 11 ауылда, атап айтсақ, Талдыкөл, Ақтоғай, Таңдай, Ақжайық, Алға, Бейбарыс, Есбол, Сарытоғай, Ортақшыл, Сарайшық, Ескі Сарайшықта жаңартылған су тазарту жүйесі іске қосылды. Ал биыл Құрманғазы, Кадырка, Шортанбай, Жамбыл, Дыңғызыл, Бірлік, Теңіз, Жұмекен, Орлы, Арна, Хиуаз, Индербор, Көктоғай, Махамбет, Еркінқала және Талғайран 16 елді мекендеріне жобалық-сметалық құжат дайындалып жатыр.

- Сонымен қатар қос елді мекенде су тазарту нысандары жаңғыртылуда. 2025 жылы Алмалы (Атырау қаласы) және Аққала (Индер ауданы) ауылдарында қуаттылығы тәулігіне 2300 және 1200 текше метр болатын су тазарту қондырғыларын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл жобалар тіршілік нәрінің сапасын арттырып, халықтың күнделікті қажеттілігін толық қамтамасыз етуге бағытталған, - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы басқармасының бөлім басшысы Аслан Нұрғалиев.

Атырау қаласында тәулігіне 60 мың текше метр су өңдеуге қауқарлы №6 сүзгі станциясын салу жобасы әзірленіп, бүгінде мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2025–2027 жылдарға жоспарланған. Барлық жоба кезең-кезеңімен жүзеге асып, облыс халқының өмір сапасын жақсарту мақсатында қолға алынған.

ТҮКШ
18 февраля 2025
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісін (мемлекеттік кәсіпорын) құру туралы мүддесін білдіруін сұрату

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін іске асыру арқылы нарық субъектісін (мемлекеттік кәсіпорын) құру туралы мүддесін білдіруін сұрату

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» № 103 бұйрығына сәйкес, Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы аумағында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды құруы жоспарлануда.

Осыған байланысты, жеке және заңды тұлғалардың осындай кәсіпорындарды құру бойынша қызығушылық білдірген жағдайда, 2025 жылдың 19 наурызға дейін Атырау облысы, Әйтеке би 77 мекен-жайына ұсыныстарыңызды жолдауды сұраймыз.
Байланыс үшін: Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Оспан Жантас Қадырбайұлы.
тел.: +7(7122) 355343

Жылумен жабдықтау
20 мая 2024
“Финская-120 АГТС” және “Редут - Финская-120 АГТС” магистралдық газ құбыры құрылысын салу

1994 жылдан бері Атырау қаласының оң жағалауы және Махамбет, Исатай аудандарының бір бөлігінің тұтынушылары «Финская» АГТС арқылы табиғи газбен қамтамасыз етіліп отыр. Пайдалану мерзімінің ұзақтығына орай сағатына 50,0 мың м3 газ өткізу мүмкіндігі бар.

Атырау қаласында табиғи газды тұтыну көлемінің артуына байланысты қаланың оң жағалауында орналасқан тұтынушыларға табиғи газдың тапшылығы сезілуде. Өткен жылыту кезеңдерінде газды көп мөлшерде тұтыну кезінде газ қысымының параметрлерін күрт төмендету фактілері тіркелді.

Сол себепті жаңа “Финская-120 АГТС” және “Редут - Финская-120 АГТС” магистральдық газ құбыры тармағын салу жобасы іске асыру мақұлданды.

Аталған жоба ең алдымен жеке және көп қабатты әкімшілік-қоғамдық құрылыс аудандарында жылумен жабдықтау проблемасын шешу үшін және тұтынушыларға берілетін табиғи газдың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жоба бойынша жүргізілетін магистральдық газ құбырларының жалпы ұзындығы - 46,8 км, диаметрі – 400-500 мм, құрылыс мерзімі – 16 ай, яғни 2024-2025 жылдары жүзеге асады.

Жобаның нәтижесінде қала және қала маңындағы кенттерді газбен жабдықтау бойынша сапалы қызметтермен қамтамасыз ету саласындағы әлеуметтік міндеттер шешіледі.

26 марта 2024
Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлғалардың тізімі

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының азаматтық қоғам институттарымен өзара

іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлғалардың тізімі

 

№

Мемлекеттік органдардың тізімі

Т.А.Ә.

Лауазымы

Телефон

Е-mail

1.       

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Нұрғалиев Асан Серікұлы

Басқарма басшысының орынбасары

8 (7122) 355906

a.nurgaliev@atyrau.gov.kz

 

26 июля 2022
Электрмен қамту бағыты бойынша өзекті мәселелер тақырыбында қабылдау өткізеді.

Құрметті  қала тұрғындары мен қонақтары!

 

Ағымдағы жылдың 28 шілдесі сағат             10:00-12:00 аралығында Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы                                                 Ерлан Асылбекұлы Назаров және

«Атырау-Жарық» АҚ президенті

Сүндет Фазылұлы Кенжалиев

  Электрмен қамту бағыты бойынша өзекті мәселелер тақырыбында қабылдау өткізеді.

Қабылдау Атырау қаласы, М. Темірханов көшесі, 2 «а» мекен-жайында орналасқан                    «ANTIKOR ORTALYGY» өтеді.

(Алдын ала жазылу үшін 8/7122/329676 нөмеріне хабарласуға болады)

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы