Меню

Страницы

Статья

МЕМЛЕКЕТТІК - ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАСЫНА БАСТАМАШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2015 жылғы 31 қазандағы №379-V «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44 бабына сәйкес, Атырау қаласындағы жол қозғалысына қатысушылар мен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін, санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкес келетін Сыртқы Жарықтандыруды Басқарудың Автоматты Жүйесінің (СЖБАЖ) кешенін іске енгізіп, жарық-диодты шамдарын орнату арқылы «Атырау қаласындағы көше жарығы желілерінің құрылыс салу және пайдалану (ұзындығы – 148 525 метр)» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы арқылы бастамашылықты әлеуетті жекеше әріптестің көтергенін хабарлаймыз.

Көше жарығы жүйесінің мәлімделген техникалық көрсеткіштері:

- Көшелердің ұзындығы – 148 525 м, оның ішінде 10 кВ электр желісі – 5 000 м, 0,4 кВ әуе электр желісі – 170 000 м (SIP4 базасы бойынша);

- Стационарлық типті жинақты трансформаторлық қосалқы станциялары – 20 бірлік;

- Ыстық мырыштаудың СТ-08 жарықтандыру тіректері – 5 000 бірлік;

- 10-100% дейінгі диммирлеу функциясы мен басқару шкафындағы ақпаратты алмасу үшін PLC арнасы бойынша (power line communication) мәліметтерді жіберетін Лм 150 Вт/18000 жарық диодты шамдарының 5 000 бірлігі;

- GSM арнасы бойынша ОДП арқылы мәліметтер жіберетін, PLS арнасы бойынша шамдарды басқару, сыртқа шығатын және қабылдауға жататын дабылдарды бақылау, электр қуатын есептеу функциясы бар PLC, GSM арналары бойынша мәліметтер жіберетін және сыртқы жарықты басқаратын шкафтың 75 бірлігі;

- СЖБАЖ бағдарламалық қамтамасыз ету (Сыртқы жарықтандыруды басқарудың автоматты жүйесі) мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісім-шартының қызмет етуінің барлық кезеңіне лицензияны қоса есептегенде, сондай–ақ, СЖБАЖ техникалық қызмет көрсету бойынша инженердің интерфейс қызметін және СЖБАЖ жедел қызмет көрсету диспетчерінің интерфейс қызметін жүзеге асыру үшін, оның ішінде жарық ағынын басқарудың, сыртқы жарықты басқару жүйесі жабдықтарының жағдайы мен сыртқы жарық жұмысының жұмыс кестесін басқару шкафтарынан сұрау арқылы алынатын ақпараттарды ұсыну мен оларды өңдеу, клиенттік интерфейспен орталықтандырылған жинақтауды серверлік бөлікпен қоса алғанда;

МЖӘ жобасының алдын–ала мөлшерленген жалпы мерзімі 5 жыл. Жобаны инвесторлардың қаржысы есебінен жүзеге асыру жоспарланған. Инвестицияны қайтару қолжетімділік үшін есептесу арқылы жүзеге асырылмақшы. Келісім–шарт бойынша көрсетілген мерзімдегі жалпы сомасы 8 007 462 884 теңгені құрайды. Оның ішінде, инвестициялық шығындардың өтемақысы 4 789 269 037 теңгені, операциялық шығындардың өтемақысы 1 871 391 409 теңгені, МЖӘ объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы көлемі 1 346 802 438 теңгені құрайды.

МЖӘ жоспарланған жобасын жүзеге асыруға мүдделі әлеуетті жекешелік әріптестер көшені жарықтандырудың осы тектес жүйелерін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы өздерінің балама жоспарлары мен ұсыныстарын ұсына алады.

МЖӘ жоспарланған жобасы бойынша іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестердің қолданыстағы сыртқы жарықтандыру желілерін басқарудың орталық диспетчерлік пунктіне қосылу мүмкіндігі мен көше жарығы желілерін салу және пайдалану тәжірибесі болуы тиіс.

Әлеуетті жекеше әріптестің міндеті:

· Жергілікті жердің топографиялық кескінін түсіруге;

· Әр көше бойынша жарық шығынының есебін шығаруға;

· Қазақстан Республикасының 2002 – 2.04 - 05 ҚНжЕ сәйкес, «Табиғи және жасанды жарық» бойынша жарықпен қамтамасыз ету деңгейі мен көше жарығын беру бойынша құрылыс – монтаж жұмыстарын орындауға;

· ОДП сыртқы жарық беруді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің іске қосу – реттеу жұмыстарын атқаруға;

· ОДП пен жарықты басқарудың шкафтарының арасындағы байланысты ұйымдастырып, реттеу;

· Диспетчерлік орындардағы іске қосу жұмыстарына қажетті жабдықтарды жеткізіп, іске қосу жұмыстарын жүзеге асыруға;

· Қазақстан Республикасының ҚНжЕ жарықтандыру нормаларын анықтау үшін, электр қуатының аудиторлық компанияларын тарта отырып, көше жарығына тексеріс жүргізуге;

· Атқару құжаттарын дайындауға;

· МЖӘ келісім–шартының жұмыс істеу мерзімі ішінде көше жарығын қамтамасыз ету барысында қызмет көрстіп, барлық шығындарды төлеуге;

· Барлық жабдықтарды Мемлекеттік Міндетті Стандартты Талаптарға (ММСТ), 004/2011 «Төменгі вольтті жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» кедендік одақтың техникалық регламенттеріне КО ТР және 020/2011 «Техникалық құралдардың электромагниттік сәйкестігі» кедендік одақтың техникалық регламенттеріне КО ТР сәйкес қамтамасыз етуге;

Өзге де әлеуетті жеке меншік серіктестер ұсынатын баламалы ақпараттық жүйелері өзінің техникалық сипаттамасы бойынша тең дәрежеде немесе осы хабарламада көрсетілгеннен жоғары деңгейде болуға тиісті;

Әлеуетті инвесторларға қойылатын талап:

1) Заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілік пен жеке кәсіпкерлер үшін азаматтық әрекет қабілеттілігі болуы;

2) салық қарызының болмауы, яғни төлем қабілеттілігі болуы;

3) мемлекеттік – жеке меншік серіктестік келісім–шарты бойынша міндеттерді атқаруға қажетті болып табылатын еңбек (немесе), қаржылық (немесе) және материалдық ресурстардың болуы;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның қаржы – шаруашылық қызметі тоқтатылмаған, оның мүліктері қамауғ алынбаған болуы керек, әрі таратылуға жатпайтын немесе, банкроттық процедурасына ұшырамаған болуға тиісті;

5) сондай–ақ, соңғы үш жылда жосықсыз әлеуетті жеке – меншік серіктес ретінде тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімі бойынша мемлекеттік – жеке меншік келісім-шарттары арқылы өз міндеттерін дұрыс орындамағаны немесе орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылмаған болуы;

6) осыған ұқсас көше жарығына зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижесіне құқық берілген болуы тиіс;

Қазақстан Республикасының Атырау облыстық әкімдігі осы хабарлама жарыққа шыққаннан кейінгі 30 күнтізбелік күн ішінде баламалы ұсыныстарды қабылдайды.

Баламалы ұсыныстарда мынадай жайттар қарастырылуға тиісті:

1. 2015 жылғы 31 қазандағы №379-V Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жекешелік әріптестік туралы» Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 қарашадағы бекіткен №725 бұйрығына сәйкес рәсімделген мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы бизнес-жоспары;

2. Осыған ұқсас көше жарығына зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижесіне ерекше құқық берілгенін дәлелдейтін құжаттардың болуы тиіс;

3. Әлеуетті жекеше әріптестің атауы мен мекен-жайы;

4. Заңды тұлғалар үшін мемлекетке тиесілілігі, жеке тұлғалар үшін азаматтық тиесілілігі туралы ақпарат;

5. Заңды тұлғалар мен тұлғалардың мүдделерін білдіретін басшылар мен жетекшілер туралы мәліметтер;

6. Осыған ұқсас жүйелерді басқа елдерге сатуға байланысты іске асырылған немесе қызмет етіп тұрған келісім – шарттар жөніндегі мәліметтер;

Анықтама үшін: Атырау облысының әкімдігі, «Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» ММ.

Мекен - жайы: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77;

Телефон: +7 (7122) 35-53-36, 35-53-36.

Дата публикации
08 октября 2020
Дата обновления
08 октября 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
15 декабря 2020
Жылумен жабдықтау
Ақпарат
15 декабря 2020
Электрмен жабдықтау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы