Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ «Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жоба

 

 

Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ «Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 199-VІ «Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4092 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімімен бекітілген Атырау облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларында:

4-тармақтың 6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) монументалды-сәндік өнер туындылары – көрнекті тұлғаларды, маңызды тарихи оқиғаларды мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументалды өнер құрылыстарын қоспағанда мүсіндер, стелалар, сәндік композициялар, обелисктер, монументалды кескіндеме туындылары;»;

7-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«7-параграф. Бау-бақша жиһаздарын, бау-бақша жабдықтарын және шағын сәулет нысандарын күтіп ұстау»;

67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«67. Бау-бақша жиһазы, бау-бақша жабдықтары және шағын сәулет нысандары, оның ішінде субұрқақтар, саябақ павильондары, беседкалар, көпірлер, қоршаулар, қақпалар, шатырлар, гүл құмыралары таза және жарамды күйде болады және өз мақсатына сәйкес жұмыс істеуі тиіс.»;

71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«71. Қыс мезгілінде бау-бақша жиһазының элементтері, бау-бақша жабдықтары мен шағын архитектуралық формалар, сондай-ақ оларға жақындау қар мен мұздан тазартылады.»;

157-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«157. Көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырларын қардан және мұздан тазартуды ұйымдастыруды, қар мен мұз өсуін жоюды мүлік иелері бірлестігінің төрағасы немесе тікелей бірлесіп басқару кезіндегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелері не кондоминиум объектілерін басқару субъектілері не көп пәтерлі тұрғын үйді басқарушы дербес немесе өз қаражаты есебінен мамандандырылған ұйымдарды тарту арқылы жүзеге асырады.».

  1. Осы шешім ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Дата публикации
05 марта 2026