Жоба
Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімімен бекітілген Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы қағидаларында:
шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 14-1 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы бұйрығымен бекітілген (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 36186 тіркелген) Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы 39-тармағына сәйкес.».