Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы Су кодексінің 27-бабы
2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысы әкімі С.Шәпкенов