Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

 

 

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін басқарма басшысының 2025 жылғы 14 сәуірдегі №59-нқ бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Талданатын кезең: 2024 жылғы 1шілде  -  31 желтоқсан.

Талдау жүргізу кезеңі: 2025 жылғы 1 - 31 мамыр аралығында.

         Ішкі талдауға жататын бөлімдер:

  1. Қаржыландыру және жоспарлау бөлімі;
  2. Отын-энергетика кешені және тұрғын үй-коммуналдық сала бөлімі;
  3. Инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімі;

         Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың таза ауысуы – 2024 жылдың ІІ жартыжылдығы қорытындысы бойынша кадрлардың таза ауысуы: қаржыландыру және жоспарлау бөлімінің бас маманы Р.Бигазиев Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61 бабының  1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес өз өтініші бойынша жұмыстан  босатылды. Отын-энергетика кешені және тұрғын үй-коммуналдық сала бөлімінің бас маман И.Қанатұлы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61 бабының  1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес өз өтініші бойынша жұмыстан  босатылды. Басқарманың мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны-19, нақты саны-18, бос лауазым - 1.

          Мекемеде теріс себептер бойынша босатылған тұлғалар болған жоқ.

          Басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

        «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері орын алған жоқ.

         Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі.Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағым болған жоқ.

2) мүдделер қақтығысы – Басқарма бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Қызметкерлерді жұмысқа кезінде олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.

Басқарма қызметкерлерін кадрлық тағайындау ҚР БП ҚС ж АЕАК  және Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы тексеру жүргізгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.        

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – Басқармамен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

4) рұқсат беру функциялары іске асырылмайды;

5) басқармада бақылау функциялары іске асырылмайды;

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік – құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

         Терминдерді біріздендіру, заңды жетілдіру, құқық қолдану практикасының бірыңғайлылығын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар жоқ.

          Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Қаржыландыру және жоспарлау бөлімімен сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бойынша сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беруді субсидиялау қызметін көрсетеді. Қызмет «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 бұйрығымен реттеледі.

Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметке субсидия алу үшін 1 ақпанға дейін Басқармаға су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен келісілген ауыз су беруге шарттар жасалатын су пайдаланушылардың тізбесін (су ресурстарын коммерциялық мүдделерде пайдаланатын су пайдаланушыларды қоспағанда) ұсынады, сондай-ақ ай сайын су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз су беру бойынша нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін ауыз су беру бойынша көрсетілген қызметтер актісін қоса бере отырып ұсынады.

Субсидиялар Сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру бойынша нақты көрсетілген қызметтер үшін төленеді. Басқарма жиынтық тізілімді алғаннан кейін он күн ішінде Қазынашылық комитетіне жиынтық тізілімді қоса бере отырып, төлеуге берілетін шотты ұсынады.

Тәуекел: Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметке субсидия алу үшін жиынтық тізілімді Басқармаға тапсыру қолма-қол арқылы қабылдауды жүзеге асырады.

Ұсыныс: Уәкілетті органға сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бойынша сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беруді субсидиялау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық форматындағы разрядына ауыстыру қажеттігі туралы ұсыныс енгізу.

Талданып отырған кезеңде Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 394 өтініш келіп түскен.

Өтініштердің көп бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және газдандыру, электірлендіру мәселелері бойынша.

Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

Бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

Басқармаға сыбайлас жемқорлыққа қатысты жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ;

Прокурорлық қадағалау актілері болған жоқ;

Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тудыру фактілері бойынша 1 тәуекел анықталып, ұсыным берілді.

 

Жұмыс тобының жетекшісі

           Ж.Оспан

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

Инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінің бас маманы

       

 

1З.Есенгереева

 

 

 

Инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінің басшысы

 

     А.Нургалиев

 

 

Отын-энергетика кешені және тұрғын үй-коммуналдық сала бөлімінің басшысы

 

Г.Умиргалиева

 

 

Қаржыландыру және жоспарлау бөлімінің басшысы

 

     С.Аушимова

 

 

 

 

Дата публикации
23 мая 2025