«7-20-25» Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» атты бағдарламасы
7 – бұл ипотекалық кредит бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме. Ол түпкілікті болып табылады және өзгермейді.
20 – бұл пайыз түрінде көрсетілген бастапқы жарна.
25 – бұл ипотекалық кредиттің жылдармен көрсетілген ең ұзақ мерзімі.
«7-20-25» бағдарламасы арқылы жеке тұрғын үйі жоқ, басқа ипотекалық несиелері жоқ, Еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен ресми түрде расталған кірісі бар азаматтарға ипотека алуға мүмкіндігі бар. Тұрғын үй сатып алу үшін қарыз алушыға бастапқы нарықта құрылыс салушылардан тұрғын үй табу қажет.
Ипотекалық кредитті: Центркредит Банкі, АТФБанкі, Jusan bank, Bank RBK, Еуразиялық Банк, Халық Банкі, ForteBank, Сбербанк береді.
Бүгінгі жағдай бойынша 965 өтінім түсіп, 540 ипотекалық кредит мақұлданды, іс жүзінде жалпы сомасы 5 млрд. 607 млн.теңгеге 404 ипотекалық кредит берілді.