«Бақытты отбасы» бағдарламасына көпбалалы отбасы, толық емес отбасы және мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушы отбасылар қатыса алады. Оған қатысушылар төмен мөлшерлемемен тұрғын үй сатып ала алады.
Жылдық пайыз мөлшері - 2%,
Бастапқы жарна -10 %,
Несиелік мерзімі 20 жылға дейін, несиенің құны қала аумағында 15 млн.теңгеге дейін ал, ауылдық елді мекендерде 10 млн.теңгеге дейін.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жүзеге асырылады.
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары бағдарламаға қатыса алады. Бұл ретте отбасының әрбір мүшесінің соңғы 6 айдағы табысы айына екі ең төмен күнкөріс деңгейінен (65 336 теңге) аспауға тиіс.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 2019 жылы 128 отбасы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан қарыз алды (оның ішінде көп балалы отбасылар-49, толық емес отбасылар-53, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар-26)
2020 жылы бөлінген лимит негізінде Бағдарлама шеңберінде 239 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланды. Қазіргі уақытта 173 отбасына несие беріліп, 66 отбасына қарыздар мақұлданды.