«Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VI шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

       

         Атырау қаласы                                                                                                         город Атырау

 

                                                                                                               

 «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 тамыздағы

№ 352-VI шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

 

 

Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Атырау облыстық мәслихатының «Атырау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 27 тамыздағы № 352-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4490 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс пен толытыру енгізілсін:

көрсетілген шешімімен бекітілген қосымшада:

1 – тармақ  келесі редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатының сомасы 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын:

2 – тармақ 14) тармақшамен толықтырылсын;

«асыр ауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) жатады»

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жүктелсін (келісім бойынша).
  2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
27 января 2025