Сыбайлас жемқорлықпен күрес басты міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес басты міндет

 

Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп - өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық
сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Мемлекеттік саясаттың негізгі асымдықтарының бірі мемлекет беделіне нұқсан келтіретін сыбайлас жемқорлық әрекеттермен күресу.

Сыбайлас жемқорлықпен бүкіл ел болып бірлесе күресу баршамыздың басты міндетіміз және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер профилактикасын жүргізу Басқармада үнемі басты назарда.

Басқармамен  басқарма басшылығының жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі бектіліп, апта сайын қабылдаулар өткізіліп отырады. Басқарма басшысының бұйрығымен 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы бекітілді. Аталған жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау үшін ішкі талдау жүргізіліп, анықталған тәуекелдерді жою бойынша ұсыныстар енгізілді. Сонымен қатар, «сенім телефоны» бекітілген.

Өтініштерді тіркеу азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы «Е-өтініш» арқылы жүзеге асырылады.

Басқарма қызметкерлері мен олардың жұбайлары жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде өздерінің барлық активтерін тіркей отырып, «кіру» декларацияларын ұсынды.

Заңнамада белгіленген талаптарды орындауға мемлекеттік қызметкер ретінде мүдделік танытуды міндетті деп санаймыз.

 

Атырау облысы Энергетика және

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

басқармасы

 

 

 

 



Дата публикации
26 ноября 2024