Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №280 «Атырау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №280   «Атырау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз      көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды       оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына

толықтырулар енгізу туралы 

 

                                                                                          

Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №280 «Атырау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25817 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:

Атырау облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесінде:   

1) келесі мазмұндағы 60-3, 60-4, 60-5 жолдармен толықтырылсын:   

«

60-3

«Сарыайшық» оқшау су құбыры

60-4

«Ортақшыл» оқшау су құбыры

60-5

«Аққайың» оқшау су құбыры

                                                                                                                                 ».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Облыс әкімі

 

                              С.Шәпкенов

 

Дата публикации
14 августа 2024