Публичное обсуждение результатов внутреннего анализа коррупционных рисков

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

 

 

Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін басқарма басшысының 2024 жылғы 20 наурыз №42-нқ бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Талданатын кезең: 2024 жылғы 1 қаңтар  -  30 наурыз.

Талдау жүргізу кезеңі: 2024 жылғы 1 - 30 сәуір аралығында.

         Ішкі талдауға жататын бөлімдер:

  1. Қаржыландыру және жоспарлау бөлімі;
  2. Отын-энергетика кешені және тұрғын үй-коммуналдық сала бөлімі;
  3. Инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімі;

         Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың таза ауысуы - ағымдағы жылдың 3 ай қорытындысы бойынша кадрлардың таза ауысуы: басқарма басшысының орынбасары М.Карамалаев Қазақстан Республикасының                             2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61 бабының  1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес өз өтініші бойынша жұмыстан  босатылды. Басқарманың мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны-19, нақты саны-17, бос лауазым - 2.

          Мекемеде теріс себептер бойынша босатылған тұлғалар болған жоқ.

          Басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сақталуда.

        «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері орын алған жоқ.

         Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі.Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағым болған жоқ.

2) мүдделер қақтығысы – Басқарма бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Қызметкерлерді жұмысқа кезінде олардың жақын туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты адамдардың мемлекеттік лауазымдарға орналасу фактілері орын алған жоқ.

Басқарма қызметкерлерін кадрлық тағайындау ҚР БП ҚС ж АЕАК  және Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы тексеру жүргізгеннен кейін заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.        

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – Басқармамен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

4) рұқсат беру функциялары іске асырылмайды;

5) басқармада бақылау функциялары іске асырылмайды;

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік – құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

         Терминдерді біріздендіру, заңды жетілдіру, құқық қолдану практикасының бірыңғайлылығын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар жоқ.

          Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газын бөлу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 2023 жылғы 9 қазандағы №358 бұйрығына (бұдан әрі-қағидалар) сәйкес осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың сұйытылған мұнай газын жеткізуге арналған өтінімдері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған, растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жоспарланған тоқсан басталғанға дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

ҚР Энергетика министрінің 14.09.2018 ж. №372 «Сұйытылған мұнай газын жеткізуге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің қаулысымен Атырау облысы аумағында СМГ жеткізуге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның ережесі мен құрамы бекітілді.

Комиссия өтінімдердің негізін, толықтығы және уақытында ұсынылуын айқындайды, сондай-ақ оларды мақұлдау туралы шешім қабылдайды.

«Сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу үшін көлемді айқындау тетігі» қағидаларына сәйкес сұйытылған мұнай газының көлемін газ толтыру станцияларының (есепке алу жүйесі бар тұрмыстық баллондарда өткізілетін көлемдерді қоспағанда), есепке алу жүйесі жоқ тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын өткізетін газ толтыру пункттерінің, автогаз құю станцияларының иелері арасында бөлу мынадай өлшемшарттарға сүйене отырып жүзеге асырылады:

1) мәлімделген әкімшілік-аумақтық бірлікте осындай тұлғалар пайдаланатын объектілердің жобалық қуаты (бұдан әрі- P1 көрсеткіші);

2) мәлімделген әкімшілік-аумақтық бірлікте өткен кезеңдердегі сұйытылған мұнай газын өткізудің нақты көлемдерін (бұдан әрі – P2 көрсеткіші) қамтиды.

Тәуекел: ЖАО Қағидаларға сәйкес нысан бойынша дайындалған өтінімдерді қолма-қол немесе электрондық форматта тіркеу арқылы қабылдауды жүзеге асырады.

Ұсыныс: ҚР Энергетика министрлігіне «Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» арқылы өтінімдерді қабылдау тетігін қосуға ұсыныс хат жолдау.

Талданып отырған кезеңде Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 147 өтініш келіп түскен.

Өтініштердің көп бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және газдандыру, электірлендіру мәселелері бойынша.

Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

      Бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

Басқармаға сыбайлас жемқорлыққа қатысты жеке және заңды тұлғалардан шағымдар түскен жоқ;

Прокурорлық қадағалау актілері болған жоқ;

Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Жүргізілген ішкі талдау нәтижесі бойынша Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тудыру фактілері бойынша 1 тәуекел анықталып, ұсыным берілді.

 

Жұмыс тобының жетекшісі

    А.Нургалиев

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

Кадр және құқық мәселелері жөніндегі бас маман

       

 

1З.Есенгереева

 

 

 

Инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінің басшысы

 

   Д.Куанышева

 

 

Отын-энергетика кешені және тұрғын үй-коммуналдық сала бөлімінің басшысы

 

Г.Умиргалиева

 

 

Қаржыландыру және жоспарлау бөлімінің басшысы

 

     С.Аушимова

 

 

 

 

Дата публикации
23 апреля 2024